Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 11.10.2023 № 9-50-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Карсыбаев |