Шардара ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24-154-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қаңтарда № 31580 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 9-50-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 11.10.2023 № 9-50-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат хатшысы А. Карсыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады