Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6711 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 124 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 6 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топтар атауы | № | Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы | Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрінің атауы | Ұлттық спорт түрінің атауы |
"А" тобы | 1 | Гір спорты | Ауыр атлетика | Биатлон | Ат спорты | Аударыспақ |
2 | Кикбоксинг | Бокс | Сноуборд | Пара дзюдо | Жекпе-жек | |
3 | Қол күресі | Классикалық волейбол | Тау шаңғысы спорты | Пара жеңіл атлетика | Қазақ күресі | |
4 | Қол күресі (ТҚАЗС) | Грек-рим күресі | Фристайл могул | Пара жүзу | Тоғызкұмалақ | |
5 | Сурдо қол күресі | Дзюдо | Шайбалы хоккей | Пара пауэрлифтинг | ||
6 | Панкратион | Еркін күрес | Шаңғы жарыстары | Пара үстел теннисі | ||
7 | Президенттік көпсайыс | Есу слаломы | Шорт-трек | Пара шаңғы жарысы | ||
8 | Радиоспорт | Жеңіл атлетика | ||||
9 | Самбо | Семсерлесу | ||||
10 | Спорттық бағдарлау | |||||
11 | International Taekwon-do Federation версиясы бойынша Таэквон-до ITF | |||||
"В" тобы | 1 | Арбамен билеу | Байдарка мен каноэде есу | Керлинг | Асық ату | |
2 | Джиу-джитсу | Батуттық гимнастика | Конькимен жүгіру спорты | Бәйге | ||
3 | Сурдо жзюдо | Велосипед спорты | Шаңғымен тұғырдан секіру | Көкпар | ||
4 | Допты хоккей | Жүзу | Теңге iлу | |||
5 | Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА) | Көркем гимнастика | ||||
6 | Сурдо жеңіл атлетика | Таеквондо | ||||
7 | Киокушинкай-кан каратэ | Үстел теннисі | ||||
8 | Кудо | Футбол | ||||
9 | Қоян-қолтық ұрыс | |||||
10 | Пауэрлифтинг | |||||
11 | Туристтік көпсайыс | |||||
12 | Фитнес | |||||
13 | Сурдо шайбалы хоккей | |||||
14 | Шахмат | |||||
15 | Шинкиокушинкай каратэ | |||||
"С" тобы | 1 | Nomad ММА | Ат спорты | Конькимен мәнерлеп сырғанау | Жамбы ату | |
2 | Автомотоспорт | Бадминтон | Шаңғы қоссайысы | Құсбегілік | ||
3 | Альпинизм | Баскетбол | Қыз қуу | |||
4 | Ашихара-каратэ | Қол добы | ||||
5 | Бодибилдинг | Садақ ату | ||||
6 | Бильярд | Спорттық гимнастика | ||||
7 | Би спорты | Спорттық құзға өрмелеу | ||||
8 | Бүкілстильдік каратэ | Стенд ату | ||||
9 | Грепплинг UWW | Суға секіру | ||||
10 | Дойбы (ТҚАЗС) | Су добы | ||||
11 | Каратэ-до кҰкушинкай KWF | Нысана көздеу | ||||
12 | Кекушинкай каратэ | Теннис | ||||
13 | Компакт-спортинг | Триатлон | ||||
14 | Мұзға өрмелеу | |||||
15 | Спорттық акробатика | |||||
16 | Спорттық балық аулау | |||||
17 | Тәжірибелік ату | |||||
18 | Таеквондо GTF | |||||
19 | Тоғызқұмалақ (ТҚАЗС) | |||||
20 | Толық контактілі каратэ | |||||
21 | Ушу | |||||
22 | Сурдо футбол | |||||
23 | Шахмат (ТҚАЗС) | |||||
24 | Сурдо шахмат |
Аббревиатуралардың түсіндірмесі:
ТҚАЗ – Тірек қимыл аппараты зақымданған;
Сурдо – Сурдолимпиадалық спорт түрлері;
ITF – Интернешнал Таеквондо Федерейшн (International Taekwondo Federation);
ММА – Миксд Мартиал Артс (Mixed Martial Arts);
UWW – Юнайтэд Ворлд Врестлинг (United World Wrestling);
KWF – Каратэномичи Ворлд Федерейшн (Kyokushin World Federation);
GTF – Глобал таеквондо федерейшн (Global taekwon-do federation).