Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 6 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қаңтарда № 6711 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 15509 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидаларының 33-тармағына, Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау бойынша республикалық комиссияның 2019 жылғы 2 қазандағы № 1 хаттамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 333 "Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5358 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қаңтарда электрондық түрде жарияланған, "Дидар" газетінде 2018 жылғы 20 қаңтарда және "Рудный Алтай" газетінде 2018 жылғы 20 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 21 қаңтардағы
№ 6 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.05.2022 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Топтар атауы

  №

Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрінің атауы

Ұлттық спорт түрінің атауы

"А" тобы

1

Гір спорты

Ауыр атлетика

Биатлон

Ат спорты

Аударыспақ

2

Кикбоксинг

Бокс

Сноуборд

Пара дзюдо

Жекпе-жек

3

Қол күресі

Классикалық волейбол

Тау шаңғысы спорты

Пара жеңіл атлетика

Қазақ күресі

4

Қол күресі (ТҚАЗС)

Грек-рим күресі

Фристайл могул

Пара жүзу

Тоғызкұмалақ

5

Сурдо қол күресі

Дзюдо

Шайбалы хоккей

Пара пауэрлифтинг


6

Панкратион

Еркін күрес

Шаңғы жарыстары

Пара үстел теннисі


7

Президенттік көпсайыс

Есу слаломы

Шорт-трек

Пара шаңғы жарысы


8

Радиоспорт

Жеңіл атлетика




9

Самбо

Семсерлесу




10

Спорттық бағдарлау





11

International Taekwon-do Federation версиясы бойынша Таэквон-до ITF





"В" тобы

1

Арбамен билеу

Байдарка мен каноэде есу

Керлинг


Асық ату

2

Джиу-джитсу

Батуттық гимнастика

Конькимен жүгіру спорты


Бәйге

3

Сурдо жзюдо

Велосипед спорты

Шаңғымен тұғырдан секіру


Көкпар

4

Допты хоккей

Жүзу



Теңге iлу

5

Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА)

Көркем гимнастика




6

Сурдо жеңіл атлетика

Таеквондо




7

Киокушинкай-кан каратэ

Үстел теннисі




8

Кудо

Футбол




9

Қоян-қолтық ұрыс





10

Пауэрлифтинг





11

Туристтік көпсайыс





12

Фитнес





13

Сурдо шайбалы хоккей





14

Шахмат





15

Шинкиокушинкай каратэ





"С" тобы

1

Nomad ММА

Ат спорты

Конькимен мәнерлеп сырғанау


Жамбы ату

2

Автомотоспорт

Бадминтон

Шаңғы қоссайысы


Құсбегілік

3

Альпинизм

Баскетбол



Қыз қуу

4

Ашихара-каратэ

Қол добы




5

Бодибилдинг

Садақ ату




6

Бильярд

Спорттық гимнастика




7

Би спорты

Спорттық құзға өрмелеу




8

Бүкілстильдік каратэ

Стенд ату




9

Грепплинг UWW

Суға секіру




10

Дойбы (ТҚАЗС)

Су добы




11

Каратэ-до кҰкушинкай KWF

Нысана көздеу




12

Кекушинкай каратэ

Теннис




13

Компакт-спортинг

Триатлон




14

Мұзға өрмелеу





15

Спорттық акробатика





16

Спорттық балық аулау





17

Тәжірибелік ату





18

Таеквондо GTF





19

Тоғызқұмалақ (ТҚАЗС)





20

Толық контактілі каратэ





21

Ушу





22

Сурдо футбол





23

Шахмат (ТҚАЗС)





24

Сурдо шахмат





      Аббревиатуралардың түсіндірмесі:

      ТҚАЗ – Тірек қимыл аппараты зақымданған;

      Сурдо – Сурдолимпиадалық спорт түрлері;

      ITF – Интернешнал Таеквондо Федерейшн (International Taekwondo Federation);

      ММА – Миксд Мартиал Артс (Mixed Martial Arts);

      UWW – Юнайтэд Ворлд Врестлинг (United World Wrestling);

      KWF – Каратэномичи Ворлд Федерейшн (Kyokushin World Federation);

      GTF – Глобал таеквондо федерейшн (Global taekwon-do federation).

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады