Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 25 мамырдағы № 368 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің Ай ауылы Ай көшесі аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 "Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ай ауылы Ай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7991 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі | Д. Бейсенов |