"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 1 қарашасындағы № 510 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі Қаратал ауылының Қ.Омаров, Б.Рапиев, К.Рамазанов көшелерінде белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28779 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің әкімі | К. Каримов |