Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 21.11.2022 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 24 маусымдағы №322 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қаратал ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылының Қ.Омаров, Б.Рапиев, К.Рамазанов көшелерінің мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етуге;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің әкімі | К. Каримов |