Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 172 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Катонқарағай ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық-санитарлық іс - шаралар кешенді аяқталуына байланысты шектеу іс- шаралары тоқтатылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Катонқарағай ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28793 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауылдық округінің әкімі | К. Нурканов |