Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің 20.09.2022 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 1 шілдедегі № 137 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Катонқарағай ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауылдық округінің әкімі | К. Нурканов |