Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 29 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауыруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округіне қарасты "Бірлік" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23343 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округінің әкімі |
С. Аксартов |