Шектеу іс-шараларын тоқтату және Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 ақпанда № 26746 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 29 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауыруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округіне қарасты "Бірлік" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23343 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының
Сарыөлең ауылдық округінің әкімі
С. Аксартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады