Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 шілдеде № 23343 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 28.01.2022 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 мамырдағы № 721 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Сарыөлең ауылдық округінің "Бірлік" шаруа қожалығына мүйізді ірі- қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының
Сарыөлең ауылдық округінің әкімі
С. Аксартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады