"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Самар ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылдың 27 желтоқсанындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылдық округінің Самар ауылының құрамдас бөліктері:
Новоселов көшесі - Шәмші Қалдаяқов көшесіне;
Солнечная көшесі - Шуақты көшесіне;
Подгорная - 2 көшесі - Қалисатар Жотабаев көшесіне;
Горный тұйық көшесі - Қыратты тұйық көшесіне қайта аталсын.
2. "Самар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
әкімі | А. Кудербаев |