Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылдық округінің Cамар ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28041 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Самар ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылдың 27 желтоқсанындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылдық округінің Самар ауылының құрамдас бөліктері:

      Новоселов көшесі - Шәмші Қалдаяқов көшесіне;

      Солнечная көшесі - Шуақты көшесіне;

      Подгорная - 2 көшесі - Қалисатар Жотабаев көшесіне;

      Горный тұйық көшесі - Қыратты тұйық көшесіне қайта аталсын.

      2. "Самар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкімі А. Кудербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады