"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2015 жылғы 07 шілдедегі № 479 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының құтырық ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс - шаралар жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округiнің "Тоқтар" қыстағының аумағында белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 13 "Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округiнің "Тоқтар" қыстағына шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4015 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Көкжыра ауылдық округінің әкімі | М. Суйесинов |