Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округiнің "Тоқтар" қыстағына шектеу іс-шарасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 шілдеде № 4015 болып тіркелді. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 08.09.2022 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 04 мамырдағы № 257 ұсынысы негiзiнде, Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнің "Тоқтар" қыстағында мүйізді ірі кара малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкжыра ауылдық округінің әкiмi Д. Жанат
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау Комитетінің
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі басшысы
"04" маусым 2015 жыл
Б. Қажыкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады