"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 670 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 7 "Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округіне қарасты Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23646 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
әкім | М. Дәуренбекұлы |