Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округіне қарасты Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 шілдеде № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 шілдеде № 23646 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің 19.01.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 28 мамыр № 270 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округіне қарасты Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкім М. Дәуренбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады