Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлан аудандық мәслихатының "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7037 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін.
2 –тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңкы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Г. Калиева |