Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 187 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қазандағы № 30218 болып тіркелді

      Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлан аудандық мәслихатының "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7037 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін.

      2 –тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңкы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады