Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы №28-2 "Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5778 болып тіркелген);
2) Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 40-5 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы №28-2 "Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6535 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Б. Конысбаева |