Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 14-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қазанда № 30212 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы №28-2 "Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5778 болып тіркелген);

      2) Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 40-5 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы №28-2 "Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6535 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Б. Конысбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады