Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы №28-2 "Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 40-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 6535 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 14-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.10.2022 № 14-7 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы №28-2 "Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5778 тіркелген, 2019 жылы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларында:

      2-бөлімінің 9-тармағы келесідей редакцияда жазылсын:

      "9. Тіркеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық ұйымында немесе ветеринариялық емханада жануарға иесінің төлемі есебінен сәйкестендіру микрочипі енгізіледі. Барлық иттер мен мысықтар үшін чиптеу немесе таңба (татуировка) салу процедурасы міндетті болып табылады. Иесіз жануарлар жергілікті бюджет есебінен бірдейлендірілуге жатады."

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы М. Құлшар
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады