Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6407 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1 бөлімдегі:
бесінші жол келесідей редакцияда жазылсын:
"
5. | Буллездік эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Дәрілік құрамы бар стерильді таңғыштар, стерильді Бактерияға қарсы атравматикалық сіңіргіш таңғыштар, Бинт (жоғары серпімді бекіткіш, торлы, құбырлы, синтетикалық мақта), Силикон бұласыр, қорғаныш кремі, көбік, гель, бальзам, дәрілік құрамы бар жақпа, Эммолиенттер, антисептиктер, стерильді мақта дискілері, стерильді апирогенді инелер, майлықтар (стерильді, ылғалды гигиеналық), |
";
мынадай мазмұндағы жиырма екінші жолмен толықтырылсын:
"
22. | Созылмалы Тромбоэмболиялық өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Риоцигуат, қабықпен қапталған таблетка |
".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Б. Конысбаева |