Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 14-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қазанда № 30314 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6407 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерту мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      1 бөлімдегі:

      бесінші жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

5.

Буллездік эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Дәрілік құрамы бар стерильді таңғыштар, стерильді Бактерияға қарсы атравматикалық сіңіргіш таңғыштар, Бинт (жоғары серпімді бекіткіш, торлы, құбырлы, синтетикалық мақта), Силикон бұласыр, қорғаныш кремі, көбік, гель, бальзам, дәрілік құрамы бар жақпа, Эммолиенттер, антисептиктер, стерильді мақта дискілері, стерильді апирогенді инелер, майлықтар (стерильді, ылғалды гигиеналық),
арнайы сульфатсыз балалар сусабыны, Бактерияға қарсы спрей, мамандандырылған нәресте майы, балаларға арналған липидті тоқтататын лосьон

      ";

      мынадай мазмұндағы жиырма екінші жолмен толықтырылсын:

      "

22.

Созылмалы Тромбоэмболиялық өкпе гипертензиясы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Риоцигуат, қабықпен қапталған таблетка

      ".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Б. Конысбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады