Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 09 сәуірдегі № 680 "Орал қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6146 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Нұржановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласының әкімі | А. Шыныбеков |