Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 680 "Орал қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 507 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27478 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 09 сәуірдегі № 680 "Орал қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6146 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Нұржановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі А. Шыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады