Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 10.01.2024 № 1 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 80 (сексен) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 150 (жүз елу) теңге.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласының әкімі | М. Сатканов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Орал қалалық
мәслихаты