Орал қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 1285 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет миниКүші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысыменстрлігінде 2022 жылғы 28 шілдеде № 28933 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 10.01.2024 № 1 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орал қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:

      1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 80 (сексен) теңге;

      2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 150 (жүз елу) теңге.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі М. Сатканов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Орал қалалық
мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады