Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 20.09.2023 № 5-8 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 12 ақпандағы № 40-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6030 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.";
2- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3)арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөрiс деңгейi – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкiлеттi орган – "Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi;
9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешiмдерiмен құрылатын комиссия;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер және мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі;";
4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 1-тармағын 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.";
6 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек ақшалай түрде азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1000 000 (бір миллион) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалисттік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
5) екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
6) бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
7) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
10) жаралануы салдарынан мүгедектік белгіленген, контузия алған, зақым алған әскери қызметшiлерге:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты, ауруға шалдығуы салдарынан бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде, Ауғанстан аумағындағы әскери ұрыс қимылдарына қатысушы тұлғалардан басқаларға;
Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткергендерге бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
11) қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 ( бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
12) басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлер бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
13) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
14) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
15) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
16) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
17) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда):
басқа мемлекеттердiң аумағындағы бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде, Ауғанстан аумағындағы әскери ұрыс қимылдарына қатысушы тұлғалардан басқаларға;
Ауғанстан аумағындағы бір реттік 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
18) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
19) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
20) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
21) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
22) 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
23) 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
24) 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
25) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, осы Заңның 4 – 6-баптарында аталған адамдардың отбасыларына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
26) бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
27) ұрыс қимылдар кезiнде контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына:
Ауғанстанда, 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес одағы әскерінің шығарылуы күніне орай бір рет 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
28) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
29) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
30) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
31) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
32) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
33) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір рет 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.";
4), 6) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"4) көру қабілеті нашар екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен қант диабетімен ауыратын мүгедектігі бар адамдарға өтініш берген кезден бастап 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, табысын есепке алмай, ай сайын;";
"6) 18 жасқа дейін мүгедектігі бар балаларға медициналық мекеменің дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы негізіндегі медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес, табыстарын есепке алмай, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;";
7) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының хатшысы | Е. Калиев |