Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 қыркүйекте № 7243-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е. Калиев

  2023 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 5-8 шешіміне қосымша

      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 12 ақпандағы № 40-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6030 болып тіркелген);

      2. Орал қалалық мәслихатының "Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 ақпандағы № 40-8 "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 43-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 болып тіркелген);

      3. Орал қалалық мәслихатының "Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 ақпандағы № 40-8 "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 57-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6748 болып тіркелген);

      4. Орал қалалық мәслихатының "Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 ақпандағы № 40-8 "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 13-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27709 болып тіркелген);

      5. Орал қалалық мәслихатының "Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 ақпандағы № 40-8 "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 22-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31343 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады