Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкiмiнiң 28.02.2024 № 10 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Ж.К.Сұлтан тағайындалсын.
3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Карменов осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаратөбе ауданының әкімі | К. Суйеугалиев |