Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкiмiнiң "Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2022 жылғы 2 сәуірдегі № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №27374 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратөбе ауданының әкімі | К. Суйеугалиев |