Теректі ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 206 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29606 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Теректі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теректі ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. Батыс Қазақстан облысы "Теректі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теректі ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі ауданының әкімі Т. Габдушев

  Теректі ауданы әкімдігнің
2022 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 206 қаулысына қосымша

Теректі ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдың мекенжайы

Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері

1

Теректі ауылы, Бейбітшілік көшесі, №143А үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 пәтерлер

142 (жүз қырық екі) теңге

2

Ақжайық ауылы, Ақжайық көшесі, №7А үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 пәтерлер

147 (жүз қырық жеті) теңге 3 (үш) тиын

3

Теректі ауылы, Сұнқар көшесі, №29А, 31А, 35А, 37, 39, 41, 43, 45, 47А үйлері

94 (тоқсан төрт) теңге 90 (тоқсан) тиын

4

Теректі ауылы, Иван Зрелов көшесі, №28, 30, 32, 34, 36, 38 үйлері

94 (тоқсан төрт) теңге 90 (тоқсан) тиын


Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Теректинского района

Постановление акимата Теректинского района Западно-Казахстанской области от 14 сентября 2022 года № 206. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 сентября 2022 года № 29606

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 1 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 26 августа 2011 года № 306 "Об утверждении Методики расчета размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7232), акимат Теректинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить размер платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Теректинского района согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Теректинского района" Западно-Казахстанской области обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Теректинского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Теректинского района Т. Габдушев

  Приложение
к постановлению акимата
Теректинского района
от 14 сентября 2022 года № 206

Размер платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Теректинского района

Адрес жилища из государственного жилищного фонда

Размер платы за один квадратный метр в месяц

1

село Теректі, улица Бейбітшілік, дом №143А, квартиры 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36

142 (сто сорок два) тенге

2

село Акжайык, улица Акжайык, дом №7А, квартиры 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24

147 (сто сорок семь) тенге 3 (три) тиын

3

село Теректі, улица Сұнқар, дома №29А, 31А, 35А, 37, 39, 41, 43, 45, 47А

94 (девяносто четыре) тенге 90 (девяносто) тиын

4

село Теректі, улица Иван Зрелов, дома №28, 30, 32, 34, 36, 38

94 (девяносто четыре) тенге 90 (девяносто) тиын