Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Теректі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теректі ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. Батыс Қазақстан облысы "Теректі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теректі ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі ауданының әкімі | Т. Габдушев |
Теректі ауданы әкімдігнің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 206 қаулысына қосымша |
Теректі ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№ | Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдың мекенжайы | Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері |
1 | Теректі ауылы, Бейбітшілік көшесі, №143А үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 пәтерлер | 142 (жүз қырық екі) теңге |
2 | Ақжайық ауылы, Ақжайық көшесі, №7А үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 пәтерлер | 147 (жүз қырық жеті) теңге 3 (үш) тиын |
3 | Теректі ауылы, Сұнқар көшесі, №29А, 31А, 35А, 37, 39, 41, 43, 45, 47А үйлері | 94 (тоқсан төрт) теңге 90 (тоқсан) тиын |
4 | Теректі ауылы, Иван Зрелов көшесі, №28, 30, 32, 34, 36, 38 үйлері | 94 (тоқсан төрт) теңге 90 (тоқсан) тиын |