Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 27 қазандағы №16-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4952 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсы.
3. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы №16-3 "Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 6 қаңтардағы №65-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6773 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсы.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | С. Казиев |
2022 жылғы 25 қарашадағы № 33-1 Шешіміге қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,1 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,3 |
3. | Балабақшалар, бөбекжай және басқада мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,4 |
4. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 |
5. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,04 |
6. | Ауруханалар, өзгеде емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын | 2,01 |
7. | Мектептер және өзгеде оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
8. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,16 |
9. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,8 |
10. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,13 |
11. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
12. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,87 |
13. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
14. | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,22 |
15. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
16. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
17. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 0,11 |
18. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,3 |
19. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 1,97 |
20. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,23 |
21. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
22. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 – шаршы метр
м3 – текшее метр