Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы №16-3 "Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 65-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 6773 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 33-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 25.11.2022 № 33-1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы №16-3 "Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4952 тіркелген, 2017 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары қосымшасында:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Емханалар

1 келіп кету

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек - орын

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

      ";

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

      ".

      2. Шыңғырлау аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (С.Шагиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Бисенгалиева
      Шыңғырлау аудандық
мәслихат хатшысы
Г. Волкогон

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады