Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 25.11.2022 № 33-1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шағиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ.Жазықбаев |
Мәслихат хатшысы | Г.Волкогон |
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы № 16-3 шешіміне қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 06.01.2021 № 65-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Объектінің түрі | Есептік бірлік | м3/жыл |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,1 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар | 1 орын | 1,3 |
3. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,4 |
4. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 |
5. | Емханалар | 1 келіп кету | 0,04 |
6. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын | 2,06 |
7. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,13 |
8. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,16 |
9. | Мұражай, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,8 |
10. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,13 |
11. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
12. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
13. | Халыққа қызмет көрсету орталықтары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,22 |
14. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
15. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
16. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар | 1 машина - орын | 0,11 |
17. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,3 |
18. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,23 |
19. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
20. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
21. | Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,8 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр;
м3 – куб метр.