БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қылмыстық-атқару жүйесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің бірыңғай жүйесіне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөліністері (бұдан әрі – СЭҚБ):
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобы;
2) аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) департаменттерінің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобы;
3) ҚАЖ мекемелерінің (бұдан әрі - мекемелер) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобы.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мекемелер объектілерінің ұсталуын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды СЭҚБ жүргізеді." ;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Микроклиматты және жарықты физикалық өлшеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ – 52 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес бөлмелердің микроклиматын сипаттайтын оңтайлы және рұқсат етілген нормаларға сәйкес жылына бір рет мекеменің өндірістік зертханасы немесе өзге аккредитацияланған зертхана жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген).";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. СЭҚБ мамандары:
1) сумен жабдықтау көздерін таңдауға қатысуды;
2) судың сапасы мен қауіпсіздігін және сумен жабдықтаудың ішкі желілерінің санитариялық жағдайын қадағалауды;
3) жұмыскерлердің арнайы киіммен және жеке қорғаныс заттарымен ("Лепесток" үлгісіндегі респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, резеңке қолғаптар) қамтамасыз етуді қадағалауды;
4) сумен жабдықтаудың ішкі желілерінде жұмыс істейтін адамдардың алдын ала және кезеңдік міндетті медициналық тексерістен уақтылы және толық өтуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Барлық үлес нормалары бойынша дайындалған тағамның сапасын тексеру дайын тағамның сапасын органолептикалық бағалау журналына нәтижелерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазу арқылы комиссиялық түрде (жауапты адам, мекеме бастығының кезекші көмекшісі, асхана меңгерушісі) жүргізіледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидалармен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген)."
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу кезінде СЭҚБ мамандары:
1) тұрғындар арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулармен аурушаңдық туралы, жүргізілетін санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы мәліметтерді жүйелі алу үшін;
2) жүргізілетін санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін;
3) консультативтік көмек алу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасасады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Мекемеге инфекциялық және паразиттік аурулардың келуін ескерту мақсатында мекемеге келген адамдар үш тәулік ішінде толық санитариялық өңдеуден, медициналық куәландырудан өтеді және карантин бөлімшесіне орналастырылады.
Инфекциялық және паразиттік аурулармен тығыз байланыста болған адамдар динамикалық бақылауға жатады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Эпидемиологиялық болжамдар нақты жағдайларда эпидемиялық ағымдағы үрдісті белгілеу үшін жүргізіледі және жыл мерзімнің өткен кезеңіндегі эпидемиологиялық бақылау, эпидемиологиялық талдау нәтижелері мен нақты инфекциялық аурудың эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, беріледі. Эпидемиологиялық болжам негізінде СЭҚБ инфекциялық аурудың алдын алуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Мекемеде инфекциялық аурулар (күдіктілер) анықталған кезде СЭҚБ маманы:
1) ауруларды анықтау, оқшаулау және ем қабылдауға жатқызу, дәрігер-инфекционистің кеңесін алу және емдеу;
2) ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау;
3) ауру көзін анықтау мен оқшаулау мақсатында эпидемиологиялық тексеру және провизорлық іс-шараларды өткізу үшін байланыс аясын белгілеу;
4) динамикалық бақылау, обсервациялау немесе карантиндік санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастырады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Білікті көмек алу үшін науқастарды аумақтық денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымдарына жатқызу жүзеге асырылады.
Инфекциялық аурумен ауыратын науқастарды (күдіктілерді) соматикалық аурумен ауыратын науқастармен және сау адамдармен бірге тасымалдауға жол берілмейді.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. СЭҚБ маманы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.
Тексеру процесінде инфекцияның болжамды көзі, қоздырғыштың таралуы мүмкін жолдары мен факторлары айқындалады, қатынаста болған адамдар аясы анықталады.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Инфекциялық аурулардың жекелеген жағдайларында эпидемиологиялық зерттеу кезінде СЭҚБ маманы науқастан, онымен ошақта байланыста болғандардан жауап алуды және тексеруді, сыртқы ортаны, оның ішінде зертханалық тексеруді жүргізеді.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Жауап алу және тексеру нақты инфекцияның эпидемиологиялық ерекшліктеріне сәйкес және инфекцияның көздері мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Эпидемиологиялық тексерістің мәліметтері ошақта өткізілетін іс-шараларды түзету үшін қолданылады.
Топтасып аурулардың (эпидемиологиялық тұтану) себебі бойынша эпидемиологиялық тексеріс кезінде СЭҚБ маманы жасақтар, бригадалар, камералар, аурудың пайда болған мерзімдері бойынша талдау жасайды. Осындай тексерістің мақсаты әрбір ауырған адам үшін инфекцияның көзі мен жұғу жолдарын, топтасып аурудың дамуындағы барлық механизмді анықтау болып табылады.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Инфекциялық аурудың (күдіктілер), паразитарлық арудың, астан уланудың, профилактикалық егуге өзгеше реакция берудің әрбір жағдайында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел хабарлама жасалады, оны он екі сағаттың ішінде аумақтық ҚАЖ департаменттері мен ҚАЖ комитетінің СЭҚБ-ге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелеріне жолдайды. Хабарламаның уақтылы жолдануына бақылауды мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысы жүзеге асырады.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Динамикалық бақылау мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысының нұсқауы бойынша енгізіледі және инфекциялық аурулармен ауырғандарды, кейіннен оларды оқшаулау және ем қабылдауға жатқыза отырып, жұқпалы ауруларды белсенді анықтауға бағытталған. Инфекциялық ауруларды белсенді анықтау жауап алу, тексеру, термометрия, зертханалық зерттеу жолдарымен жүзеге асырылады.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Обсервация СЭҚБ маманының ұсынымы бойынша мекеме бастығының бұйрығымен енгізіледі және:
1) динамикалық бақылауды;
2) мекемелерге сотталғандардың келіп түсуін шектеуді көздейді. Обсервация енгізілген мекемеге этап келген жағдайда, келген сотталғандар бөлек орналастырылады, ал мекемеден кету туралы мәселе әрбір нақты жағдайда жеке шешіледі;
3) туысқандарымен кездесулерді шектейді және тоқтатады;
4) арнайы емдеу-алдын алу, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізеді.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Асханаға жұмысқа тағайындалған адамдарды жауапты адам оларды нарядқа шығарар алдында тексереді, ол туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асханадағы жұмыскерлерді тексеру журналына белгі қойылады.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Жіті ішек инфекциясы бар жекелеген ауруларға СЭҚБ маманы ауруды жұқтырған орынды, қоздырғышты жұқтыруы мүмкін жолдарды, жұқтыру тәуекеліне жататын адамдардың ортасын анықтауға бағытталған эпидемиологиялық зерттеу жүргізеді.
Жіті ішек инфекцияларының себебін анықтау үшін эпидемиологиялық тексеріс жүргізіледі:
1) науқастан жауап алу және тексеру;
2) ошақта байланыста болғандардан жауап алу және тексеру;
3) мекеме шегінде сыртқы орта объектілерін қарау және тексеру.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысы педикулезге шалдыққан адамдарды анықтау мен санациялау мақсатында адамдарды мекемеге келген кезде карантин бөлімшесінде ұсталатын және профилактикалық тексеру уақытында (кемінде жылына екі рет) жоспарлы қарауды ұйымдастырады және жүргізеді.
Педикулездің әрбір анықталған жағдайы туралы медициналық жұмыскер он екі сағат ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЭҚБ-ге хабарлайды.
Мекеме жанындағы медициналық ұйымдар педикулезге қарсы өңдеуді өткізуге арналған арнайы жинақпен қамтамасыз етіледі.";
85-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Обамен және тырысқақпен сырқаттану немесе оған күдікті адам анықталған кезде мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысы СЭҚБ-ні, ҚАЖ комитетін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерін және обаға қарсы ұйымдарды "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-116 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25254 болып тіркелген) Хабарлаудың үлгілік схемасына сәйкес шұғыл хабардар етеді.";
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Оба және тырысқақ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін мекеме жанындағы медициналық ұйымдар қорғаныш костюмдері, сынама алуға арналған, жеке қорғаныш заттары, дезинфекциялау құралдары жиынтықтарымен және тұзды ерітінділермен қамтамасыз етіледі.";
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"87. Оба және тырысқақ кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар № ҚР ДСМ-116 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.";
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Аса қауіпті инфекциялық аурумен сырқаттану немесе оған күдікті адам анықталған кезде мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысы телефон арқылы және үш сағат ішінде СЭҚБ-ге, ҚАЖ комитетіне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелеріне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шұғыл хабарлама жолдайды.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Аса қауіпті инфекциялық аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген).";
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"93. Паразиттік аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28086 болып тіркелген).";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген).";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Дайын тағамның сапасын органолептикалық бағалау журналы
20__ жылғы "__" ______ арналған мәзір | Тағамды дайындау күні, уақыты | Тағамның дайындалу деңгейін қоса алғандағы органолептикалық бағасы | Іске асыруға рұқсат (уақыт) | Жауапты адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Мекеме бастығының кезекші көмекшісі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) | Асхана меңгерушісі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
бұйрығына 2-қосымша | |
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мекеме асханасының жұмыскерлерін тексеру журналы
Күні | Жұмыскерлер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) | Мамандығы | Тері қабатының, тері асты қабатының және кілегей қабықшасының жай-күйі | Жауапты адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
бұйрығына 3-қосымша | |
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық- эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Инфекциялық ауруға (күдіктілерге), паразитарлық ауруға, астан улануға, профилактикалық егуге өзгеше реакция беру жағдайына хабарлама
Жолданады:
Жалпы бөлім
1. Жеке сәйкестендіру нөмірі
2. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
3. Туылған күні.
4. Жынысы
ер
әйел.
5. Отбасылық жағдайы
6. Мекеме
7. Науқастың жұмыс орны
8. Науқастың лауазымы
9. Күні: ауруы бастапқы өтініш/анықтау диагноз қою емдеуге жатқызу.
10. Диагнозы
11. Қайда орын алғанын көрсету, жағдайды сипаттау
12. Байланыста болған адамдар
13. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туылған күні
14. Жасақ
15. Туысқандарының тұрғылықты мекенжайы (науқастың инкубациялық және ауру кезеңінде кездесуде болған жағдайда көрсетіледі)
16. Туысқандарының байланыс телефоны (науқастың инкубациялық және ауру кезеңінде кездесуде болған жағдайда көрсетіледі)
17. Алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар мен қосымша мәліметтерді жүргізу.
18. Науқас қайда жіберілді (медициналық ұйым).
19. Хабарламаны толтырған медициналық ұйым атауы
20. Хабарламаны толтырған дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), идентификаторы.
21. Толтыру күні және уақыты.