Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қыркүйекте № 9763 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 116 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 134 "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықтың кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7567 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі № 369-374 (27448) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;

      осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына (Б. Бердалин) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2014 жылғы 3 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 520 бұйрығына
қосымша

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.10.2018 № 688 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

      2) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтырудың анағұрлым қаупін төндіретін адамдар;

      3) инфекциялық және паразиттік аурулар - мекендеу ортасындағы биологиялық факторлардың адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;

      4) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;

      5) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдағы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымы мен динамикасын талдау;

      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау- санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бұзылуының алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған қызметі, сондай-ақ сотталғандар мен тергеу-қамауындағылардың денсаулығын, тіршілік ету ортасын, өнімдердің, процестер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында олардың сақталуын бақылау және қадағалау;

      7) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар – халық арасында пайда болған инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың ошақтарын оқшаулау және жою мақсаттарында қолданылатын шаралар;

      8) жедел эпидемиологиялық талдау – қалыптасқан тенденцияны емес, пайда болатын таралуларды (эпидемияларды) анықтауға арналған эпидемиялық процес жағдайының және даму тенденциясын динамикалық бағалауы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қылмыстық-атқару жүйесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің бірыңғай жүйесіне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөліністері (бұдан әрі – СЭҚБ):

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобы;

      2) аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) департаменттерінің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобы;

      3) ҚАЖ мекемелерінің (бұдан әрі - мекемелер) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. СЭҚБ мекемелерде сотталғандардың және тергеу-қамауындағылардың денсаулығын қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық және гигиеналық нормативтер саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесуге бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметін жүзеге асырады.

      5. Мекемелердегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру:

      1) мекемелер объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;

      2) сумен жабдықтауды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;

      3) тамақтануды ұйымдастыруды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;

      4) коммуналдық мақсаттағы объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;

      5) инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізуді;

      6) инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді;

      7) инфекциялық ауруларды анықтаған кездегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды;

      8) оба мен тырысқақ кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды;

      9) аса қауіпті инфекциялық аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды;

      10) паразиттік аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды;

      11) дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны жүргізуді қамтиды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру реті

1-параграф. Мекемелер объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау

      6. Мекемелер объектілерінің ұсталуын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды СЭҚБ жүргізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге, өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға, объектілерді сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, кондиционерлеуге, медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу шарттарын санитариялық-гигиеналық қадағалауды СЭҚБ жүргізеді.

      8. Өндірілетін өнімді, жұмысты және қызметті өндірістік бақылауды "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 62 бұйрық).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Микроклиматты және жарықты физикалық өлшеу № 62 бұйрықтың және "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) талаптарына сәйкес бөлмелердің микроклиматын сипаттайтын оңтайлы және рұқсат етілген нормаларға сәйкес мекеменің өндірістік зертханасы немесе өзге аккредитацияланған зертхана жүргізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Сумен жабдықтауды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау

      10. Сумен жабдықтаудың ішкі желілерінің құрылғылары мен пайдаланылуын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды мекеме ұйымдастырады және жүргізеді.

      11. СЭҚБ мамандары:

      1) сумен жабдықтау көздерін таңдауға қатысуды;

      2) судың сапасы мен қауіпсіздігін және сумен жабдықтаудың ішкі желілерінің санитариялық жағдайын қадағалауды;

      3) жұмыскерлердің арнайы киіммен және жеке қорғаныс заттарымен ("Лепесток" үлгісіндегі респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, резеңке қолғаптар) қамтамасыз етуді қадағалауды;

      4) сумен жабдықтаудың ішкі желілерінде жұмыс істейтін адамдардың алдын ала және кезеңдік міндетті медициналық тексерістен уақтылы және толық өтуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Судың сапасын өндірістік зертханалық қадағалауды аккредитацияланған зертхана "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) талаптарына сәйкес көрсеткіштерді анықтау және сынамаларды алу арқылы жүргізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Тамақтандыруды ұйымдастыруды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау

      13. Тамақтандыруды ұйымдастыруды мекемелердің тылдық қамтамасыз ету қызметі:

      1) тамақтандыру нормасын ескере отырып, әртүрлі санаттағы тамақтанушылардың тамақтану режимін әзірлеу;

      2) ас мәзірінде тағам калориясын нақты есептеуді жүргізу;

      3) фортификацияланған тағам өнімдерін қолдануын қамтамасыз ету;

      4) тәуліктік тамақтандыру нормалары бойынша ас дайындауды ұйымдастыру және осы нормалардың тамақтанушыға жеткізілуін бақылау арқылы жүзеге асырады.

      14. Тылдық қамтамасыз ету қызметі тамақтану объектілерінде екі апталық перспективті маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірін жасайды. Перспективті ас мәзірін объектінің түрін, үй-жайлар жиынтығын және тоңазыту және технологиялық жабдықпен жарақталуын, ұйымдасқан ұжымдарда болу ұзақтығын, әр түрлі санаттарға арналған тамақтану ерекшеліктерін, жас мөлшерін, орындалатын жұмыстардың ауырлығын ескере отырып, әзірленеді.

      15. Перспективті ас мәзірі мен шығарылатын өнімдердің ассортименті бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, сондай-ақ қайта қалпына келтіру жүргізгеннен кейін, тамақтану объектісінің бейіні немесе өндірістік үдерісі өзгерген жағдайда СЭҚБ-мен келісіледі және мекеме бастығы бекітеді.

      16. Перспективті ас мәзірінде тағамдардың немесе аспаздық өнімдердің бір күн ішінде және кейінгі күнтізбелік екі-үш күн бойы бірнеше рет қайталануына жол берілмейді.

      17. Нақты тамақтану рационын бекітілген перспективті ас мәзіріне сәйкес қамтамасыз етеді. Ерекше жағдайларда бір өнімдерді, тағамдарды және аспаздық өнімдерді олардың тағамдық құндылығын ескере отырып, басқаларына ауыстыруға жол беріледі.

      18. Тамақтану объектілерінде тамақ түрлері жіктеп бөлінген ас мәзірін күнделікті жасайды, онда тамақтанатын адамдар санын, тағамның шығымын, сондай-ақ әр тағам бойынша жекелеген өнімдердің шығымын көрсету арқылы әр тамақтануға арналған тағамдар тізбесі көрсетіледі.

      19. Ас мәзірін дайындау кезінде, сондай-ақ өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндері кемінде күнтізбелік он күнде бір рет, дайын тағам жылына кемінде төрт рет тамақтану рационының тағамдық құндылығын (химиялық құрамы мен құнарлылығы) есептеу жүзеге асырылады.

      20. Тағамның үлес нормасын бөлу "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 488 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Күн сайын тағам блогында дайындалған тағамнан тәуліктік сынама қалдырылады. Бірінші тағамның жарты бөлігі тәуліктік сынамаға қалдырылып, екінші тағамның бүтіндей бөлігі кемінде 100 гр. мөлшерде (бұдан әрі-гр.), үшінші тағам кемінде 200 гр. мөлшерде алынады.

      Тәуліктік сынама қақпағы жабылатын банкілерде +2+6 градуста арнаулы жерде мұздатқышта сақталады. Жиырма төрт сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылық, қақпақтар) бес минут қайнатылып өңделеді.

      22. Барлық үлес нормалары бойынша дайындалған тағамның сапасын тексеру дайын тағамның сапасын органолептикалық бағалау журналына нәтижелерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазу арқылы комиссиялық түрде (жауапты адам, мекеме бастығының кезекші көмекшісі, асхана меңгерушісі) жүргізіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Коммуналдық мақсаттағы объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау

      23. Мекемелерде ұсталатын адамдарды коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз ету мекеменің тылдық қамтамасыз ету қызметінің күштерімен және қаражатымен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

      24. Мекеме:

      1) монша, кір жуу, жасақ, ұзақ мерзімді кездесулер бөлмелерінің қондырғыларын, жабдықталуын және ұсталуы бойынша санитариялық қадағалауды, дезинфекцияның сапасын, уақтылы жүргізілуін бақылауды, санитариялық өңдеуді, іш киімдерді ауыстыруды, оны жууды, салқын және ыстық сумен үздіксіз жабдықталуын;

      2) монша-кір жууды қамтамасыз ету, жасақ, ұзақ мерзімді кездесулер бөлмелерінің жұмыстарына тікелей жұмылдырылған адамдарға медициналық тексерісті;

      3) СЭҚБ-нің монша-кір жууды қамтамасыз етуге, жасақ, ұзақ мерзімді кездесулер бөлмелеріне қатысты ұсыныстары мен нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етеді.

      25. Жасақтың, ұзақ мерзімді кездесулер бөлмесінің барлық үй-жайларында жуу, тазарту құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Жасақ үй-жайларында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жұмыстары жеті күнде кемінде бір рет, ұзақ мерзімді кездесулер бөлмелерінде айына кемінде бір рет жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, сөрелермен немесе стеллаждармен жабдықталған, арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады.

      26. Моншадағы үй-жайларды тазалау және дезинфекциялау әрбір жуынатын ауысымның алдында жүргізіледі. Барлық үй-жайларға күрделі жинау жұмысы аптасына кемінде бір рет жүргізіледі.

      27. Моншаның өткізу қабілетіне қарай мекеме бастығының орынбасары эпидемияға қарсы іс-шараларға кететін уақытты ескере отырып, жуындыру кестесін бекітеді.

      28. Мекемелерде ұсталатын адамдардың моншада жуынуы, бір уақытта ішкі киімін және төсек орнын ауыстыра отырып, күнтізбелік жеті күнде кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      29. Кір жуатын орында таза және кір киімдердің бірге берілуін және араласуын болдырмау арқылы технологиялық процесс ағынын сақтау көзделеді.

      30. СЭҚБ дезинфекциялық-камералық үй-жайларды тексеру кезінде:

      1) дезинфекциялық камералардың санитариялық-техникалық жағдайын;

      2) залалсыздандырудың белгіленген режимінің сақталуын;

      3) төсек жабдықтары мен киімдерді камералық залалсыздандырудың толықтығын;

      4) барынша жоғары термометрлердің көмегімен температуралық режимді тексеруді жүзеге асырады.

      31. Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын талаптар "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген).

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу

      Ескерту. 5-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. ҚАЖ мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылаудың ұйымдастырылуын және жүргізілуін қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. ҚАЖ мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау:

      1) "Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30078 болып тіркелген);

      2) "Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22869 болып тіркелген);

      3) "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген);

      4) "Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27348 болып тіркелген);

      5) "Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30928 болып тіркелген);

      6) "Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22157 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-параграф. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

      34. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды аумақтық ҚАЖ департаменттерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобының санитариялық дәрігерлері жүзеге асырады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар:

      1) мекемеге инфекциялық және паразиттік ауруларды алып келудің;

      2) мекемелерде ұсталатын адамдардың арасында инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуын, таралуы мен жоюдың;

      3) мекемелер шегінен тыс инфекциялық және паразиттік ауруларды таратудың алдын алуға бағытталған.

      36. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық қамтамасыз ету:

      1) мекемеде және ол орналасқан ауданда санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды;

      2) мекемелерде ұсталатын адамдарды қабылдау кезінде мекемеде жүргізілетін іс-шараларды;

      3) мекемелерде ұсталатын адамдардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды;

      4) декреттелген топ адамдарын профилактикалық және кезеңдік медициналық тексеру мен зертханалық зерттеу "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) бұйрығымен белгiленген тәртіпте жүргізуді;

      5) аумақтың, жатақхананың ұсталуын, тамақтандыруды ұйымдастыруды, сумен жабдықтауды және кәріз желілерін, монша-кір жуумен қамтамасыз етуді, жеке гигиена ережелерін сақтауды санитариялық-эпидемияға қарсы бақылауды;

      6) "Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 150 бұйрығының талаптарына сәйкес жоспарлы профилактикалық егу жүргізуді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33463 болып тіркелген);

      7) мекемелерде профилактикалық дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны жүргізуді (үй-жайларды, кәрізделген және кәрізделмеген дәретханаларды, лас қалдықтарды және ағын суларды, қоқыс және қалдықтар жиналған орындарды, шыбындармен күресуді, ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын суды залалсыздандыру, сумен жабдықтаудың дербес жүйелерін және суды жеткізу мен сақтауға арналған ыдыстарды дезинфекциялау, ас үй мүккәмалдары мен ыдыстарын залалсыздандыру, тышқандар мен егеуқұйрықтарды жою);

      8) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттауды;

      9) медициналық персоналды жүйелі жетілдіруді және дайындауды;

      10) инфекциялық және паразиттік аурулар пайда болған жағдайда эпидемияға қарсы шаралар жүргізу (объектілерге қосымша керуеттер әкелу, қажетті жабдықтармен жарақтандыру) үшін күштер мен қаражаттар даярлауды;

      11) жедел және ретроспективті эпидемиологиялық талдауларды қамтиды.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      37. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг эпидемияға қарсы тұруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау үшін негіз болып табылады.

      38. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің міндеттері:

      1) мекемелер орналасқан ауданның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жүйелі түрде зерделеу;

      2) мекемелер орналасқан аумақтың санитариялық жағдайын, су көзін үздіксіз медициналық бақылау;

      3) орын алған инфекциялық аурулар, эпизоотийлер және сыртқы орта объектілерінің бактериалды ластануын анықтау туралы мәліметті уақтылы алу болып табылады.

      39. Мекемелер орналасқан ауданда санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бойынша мәліметтерді зерделеу және нақтылау:

      1) тұрғындардың инфекциялық және паразиттік аурулармен ауршаңдығының құрылымымен және өсу динамикасымен танысу;

      2) эпидемиялық аурулардың таралу жолдарының мүмкін болатын көздерін және мекемеде ұсталатын адамдардың тез қабылдауын зерделеу;

      3) жүргізілетін санитариялық-профилактикалық және санитариялық- эпидемияға қарсы іс-шаралардың көлемі және сапасымен танысумен қамтамасыз етіледі.

      40. Мекемелер орналасқан аудандағы эпидемиологиялық жағдай туралы жүйелі ақпаратқа:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерінен халық арасында инфекциялық және паразиттік аурумен аурушаңдық туралы мәлімет алу;

      2) дәрігерлердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелері өткізетін конференциялар, кеңестер, семинарлар және отырыстарға қатысу арқылы қол жеткізіледі.

      41. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу кезінде СЭҚБ мамандары:

      1) тұрғындар арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулармен аурушаңдық туралы, жүргізілетін санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы мәліметтерді жүйелі алу үшін;

      2) жүргізілетін санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін;

      3) консультативтік көмек алу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасасады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Мекемеге инфекциялық және паразиттік аурулардың келуін ескерту мақсатында мекемеге келген адамдар үш тәулік ішінде толық санитариялық өңдеуден, медициналық куәландырудан өтеді және карантин бөлімшесіне орналастырылады.

      Инфекциялық және паразиттік аурулармен тығыз байланыста болған адамдар динамикалық бақылауға жатады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Динамикалық бақылау кезінде сотталғандар арасынан инфекциялық және паразиттік аурулар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіледі. Бұл жағдайда медициналық бақылаудың ұзақтығы соңғы ауырған адамды оқшаулаған күннен бастап белгіленеді.

      44. Мекемелерде санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүзеге асыру үшін арнайы белгіленген күнтізбелік кезеңде эпидемиологиялық талдау (ретроспективалық талдау) жүргізіледі - ай, тоқсан, жыл. Сонымен қатар, эпидемиологиялық талдау эпидемия ошағында да жүргізіледі (жедел эпидемиологиялық талдау). Мекемелерде эпидемиологиялық талдауды СЭҚБ мамандары жүргізеді.

      45. Ретроспективті эпидемиологиялық талдауды жүргізу кезінде қызмет көрсететін адамдар арасында сырқаттанушылық құрылымы, динамикасы және деңгейі зерделенеді. Әрбір инфекциялық ауру бойынша инфекция көзі, жұқтыру жолының ерекшелігі зерделенеді. Бұдан басқа, инфекциялық аурумен аурушаңдықты одан әрі болжау үшін эпидемиялық ошақтың пайда болу себебіне тиянақты талдау жүргізіледі.

      46. Эпидемиологиялық болжамдар нақты жағдайларда эпидемиялық ағымдағы үрдісті белгілеу үшін жүргізіледі және жыл мерзімнің өткен кезеңіндегі эпидемиологиялық бақылау, эпидемиологиялық талдау нәтижелері мен нақты инфекциялық аурудың эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, беріледі. Эпидемиологиялық болжам негізінде СЭҚБ инфекциялық аурудың алдын алуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-параграф. Инфекциялық аурулар анықталған кездегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар

      47. Инфекциялық ауруларды анықтаған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Мекемеде инфекциялық аурулар (күдіктілер) анықталған кезде СЭҚБ маманы:

      1) ауруларды анықтау, оқшаулау және ем қабылдауға жатқызу, дәрігер-инфекционистің кеңесін алу және емдеу;

      2) ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау;

      3) ауру көзін анықтау мен оқшаулау мақсатында эпидемиологиялық тексеру және провизорлық іс-шараларды өткізу үшін байланыс аясын белгілеу;

      4) динамикалық бақылау, обсервациялау немесе карантиндік санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастырады.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Инфекциялық ауруларды уақтылы (ерте) анықтауды амбулаторлық қабылдауда, медициналық тексерістер кезінде, сондай-ақ жатақханаларды, камераларды мекеме әкімшілігімен бірлесіп аралау кезінде медициналық жұмыскерлер жүзеге асырады.

      50. Науқастар және инфекциялық ауруға күдікті адамдар дереу оқшауландырылады және медициналық бөлімнің инфекциялық боксына жатқызылады.

      51. Инфекциялық аурумен ауыратын науқастарды (күдіктілерді) ұстауға қойылатын жалпы талаптар:

      1) инфекцияны жұқтыру механизмі әртүрлі инфекциялық ауруларды бөлек орналастыру;

      2) оқшауланған палаталарды (бейімделген үй-жайларды) тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілерінен кемінде 30 метр қашықтықта орналастыру;

      3) оқшауланған палаталарды киім-кешектер мен төсек жабдықтардың толық жинағымен, ыдыстармен, науқасты күту заттарымен, киімді суға салуға арналған ыдыстармен, киім сақтауға арналған қаптармен, аурулардан бөлінетін заттарды дезинфекциялауға арналған қабылдағыштармен, сондай-ақ дезинфекциялық және дезинсекциялық заттармен қамтамасыз ету, оқшауланған палатаға түскен ауруларды гигиеналық жуу, ал көрсеткіштер кезінде санитариялық өңдеу, дезинфекциялық режимді сақтау болып табылады.

      52. Білікті көмек алу үшін науқастарды аумақтық денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымдарына жатқызу жүзеге асырылады.

      Инфекциялық аурумен ауыратын науқастарды (күдіктілерді) соматикалық аурумен ауыратын науқастармен және сау адамдармен бірге тасымалдауға жол берілмейді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Инфекциялық ауруға күдікті адамдарды аумақтық денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымдарына жатқызу кезінде, оларды алып жүру үшін жедел көмек көрсетуге кажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген медициналық жұмыскер бөлінеді.

      54. Инфекциялық науқасты тасымалдаған көлік эвакуациядан кейін екі сағаттан кешіктірмей қорытынды дезинфекциялаудан өтеді.

      55. Ауру пайда болған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар эпидемиялық ошақ шегінде өткізіледі.

      56. СЭҚБ маманы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.

      Тексеру процесінде инфекцияның болжамды көзі, қоздырғыштың таралуы мүмкін жолдары мен факторлары айқындалады, қатынаста болған адамдар аясы анықталады.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Инфекциялық аурулардың жекелеген жағдайларында эпидемиологиялық зерттеу кезінде СЭҚБ маманы науқастан, онымен ошақта байланыста болғандардан жауап алуды және тексеруді, сыртқы ортаны, оның ішінде зертханалық тексеруді жүргізеді.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Жауап алу және тексеру нақты инфекцияның эпидемиологиялық ерекшліктеріне сәйкес және инфекцияның көздері мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Эпидемиологиялық тексерістің мәліметтері ошақта өткізілетін іс-шараларды түзету үшін қолданылады.

      Топтасып аурулардың (эпидемиологиялық тұтану) себебі бойынша эпидемиологиялық тексеріс кезінде СЭҚБ маманы жасақтар, бригадалар, камералар, аурудың пайда болған мерзімдері бойынша талдау жасайды. Осындай тексерістің мақсаты әрбір ауырған адам үшін инфекцияның көзі мен жұғу жолдарын, топтасып аурудың дамуындағы барлық механизмді анықтау болып табылады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Инфекциялық аурудың (күдіктілер), паразитарлық арудың, астан уланудың, профилактикалық егуге өзгеше реакция берудің әрбір жағдайында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел хабарлама жасалады, оны он екі сағаттың ішінде аумақтық ҚАЖ департаменттері мен ҚАЖ комитетінің СЭҚБ-ге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелеріне жолдайды. Хабарламаның уақтылы жолдануына бақылауды мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысы жүзеге асырады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Инфекциялық аурудың ошағында эпидемияға қарсы режимдік-шектеу іс-шаралары өткізіледі.

      Эпидемияға қарсы режимдік-шектеу іс-шараларының үш санаты бөлінеді, олар:

      1) динамикалық бақылау;

      2) обсервация;

      3) карантин.

      61. Динамикалық бақылау мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысының нұсқауы бойынша енгізіледі және инфекциялық аурулармен ауырғандарды, кейіннен оларды оқшаулау және ем қабылдауға жатқыза отырып, жұқпалы ауруларды белсенді анықтауға бағытталған. Инфекциялық ауруларды белсенді анықтау жауап алу, тексеру, термометрия, зертханалық зерттеу жолдарымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Обсервация СЭҚБ маманының ұсынымы бойынша мекеме бастығының бұйрығымен енгізіледі және:

      1) динамикалық бақылауды;

      2) мекемелерге сотталғандардың келіп түсуін шектеуді көздейді. Обсервация енгізілген мекемеге этап келген жағдайда, келген сотталғандар бөлек орналастырылады, ал мекемеден кету туралы мәселе әрбір нақты жағдайда жеке шешіледі;

      3) туысқандарымен кездесулерді шектейді және тоқтатады;

      4) арнайы емдеу-алдын алу, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Карантин мынадай іс-шараларды:

      1) толық оқшаулау, мекемелерге кіруге және одан шығуға тыйым салуды, мекемелер ішінде адамдардың қозғалысын;

      2) динамикалық бақылауды;

      3) туысқандарымен кездесулерді тоқтатуды көздейді.

      Бұл ретте пайдаланылмаған кездесулер карантин аяқталғаннан кейін "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен беріледі.

      Мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау жүк алаңдары арқылы жүзеге асырылады. Мекемелердің ішінде сотталғандарды бір-бірінен барынша оқшаулауды және жеткізу пункттері арқылы тамақтандыруды ұйымдастыра отырып, жасақтар бойынша байланысын үзу жүргізіледі.

      Карантин тиісті өңірдің аумағында инфекциялық ауру туындаған жағдайларда да белгіленеді.

      Мекемеде карантин шарттарын орындауды қамтамасыз ету үшін қызмет атқару күшейтілген нұсқа бойынша ұйымдастырылады.

      Карантин СЭҚБ ұсынымы бойынша:

      жұқпалы ауру пайда болған кезде мекеме аумағында - ҚАЖ департаментінің бұйрығымен;

      тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында карантин және/немесе эпидемияға қарсы шектеу шараларын енгізу кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мекемелерінде - ҚАЖ комитетінің бұйрығымен;

      республика аумағында карантин және/немесе эпидемияға қарсы шектеу шараларын енгізу кезінде республиканың барлық мекемелерінде - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен айқындалады.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      64. Ішек инфекциясын ескерту жөніндегі негізгі санитариялық-профилактикалық іс-шаралар:

      1) мекемелерде ұсталатын адамдарды орналастыру, сумен жабдықтауды және тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайларына зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы пәрменді медициналық бақылауды қамтамасыз ету;

      2) декреттелген топ адамдарын зертханалық зерттеу;

      3) профилактикалық дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны жүргізу;

      4) мекемелерде ұсталатын адамдардың жеке гигиенаның негізгі талаптарын сақтауына және ол үшін тиісті жағдайлар жасауды медициналық бақылау;

      5) дизентериямен ауыратындарды және жіті ішек инфекцияларымен ауыратындарды ерте анықтау (бірінші тәулікте), оқшаулау және ем қабылдауға жатқызу;

      6) аурулармен байланыста болған адамдарды динамикалық бақылау (көрсеткіштер бойынша бактериологикалық тексеріс және профилактикалық фагирлеу);

      7) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.

      65. Объектілердегі тамақтандыру және сумен жабдықтау үшін тұрақты жұмыс істеуге жұмылдырылған адамдар жұмыс істеу кезінде динамикалық бақылауға алынады.

      66. Асханаға жұмысқа тағайындалған адамдарды жауапты адам оларды нарядқа шығарар алдында тексереді, ол туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асханадағы жұмыскерлерді тексеру журналына белгі қойылады.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67. Диагнозы анықталмаған науқастар дене қызуы күнтізбелік үш күннен астам тұрақты жоғары температурада болған кезде іш сүзегіне тексеріледі.

      68. Сальмонеллез, іш сүзегімен ауырған адамдар үш ай ішінде есепке алуға және динамикалық бақылауға жатады.

      69. Жіті ішек инфекциясы бар жекелеген ауруларға СЭҚБ маманы ауруды жұқтырған орынды, қоздырғышты жұқтыруы мүмкін жолдарды, жұқтыру тәуекеліне жататын адамдардың ортасын анықтауға бағытталған эпидемиологиялық зерттеу жүргізеді.

      Жіті ішек инфекцияларының себебін анықтау үшін эпидемиологиялық тексеріс жүргізіледі:

      1) науқастан жауап алу және тексеру;

      2) ошақта байланыста болғандардан жауап алу және тексеру;

      3) мекеме шегінде сыртқы орта объектілерін қарау және тексеру.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Науқастан жауап алу кезінде эпидемиологиялық анамнез жиналады және:

      1) аурудың басталған уақыты;

      2) бұрын ішек инфекцияларымен ауырғандығы;

      3) тамақтанудың және суды пайдаланудың сипаты;

      4) ауру басталғанға дейін ең жоғарғы инкубациялық кезең ішінде ауырған адамның болған орны (жұқтыру орны туралы мәселені шешу үшін);

      5) аталған аурудың клиникалық ерекшеліктері анықталады.

      71. Науқаспен бірге жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау жүргізіледі. Мекеме ішінде жұқтыру фактісі анықталған кезде тамақтандыру жұмыскерлеріне және ауырғандарға бактериологиялық тексеріс жүргізіледі.

      72. Науқастан және басқа да адамдардан жауап алу барысында алынған мәліметтерге сәйкес инфекцияның пайда болу және жұғу факторларын айқындау мақсатында қоршаған орта элементтері тексеріледі.

      73. Эпидемиологиялық тексерістің негізгі мақсаты тұтанудың түрін және сипатын, сондай-ақ оның дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайларды анықтау болып табылады.

      Эпидемиологиялық тексеріс барысында тұтануға әсер еткен болжамды себептерді анықтау мақсатында ошақтың бөлек объектілерінің (тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілері, аумақ) санитарлық жай-күйі туралы мәліметтер жиналады. Жасақтар бойынша аурудың құрылымы тұтанудың дамуына әсер ететін ауырғандардың еңбек пен тұрмыс жағдайларымен және басқа да факторлармен салыстырылады. Бір уақытта судың, күдікті ас тағамдарының және тамақтандыру блогы құралдарының шайындыларының зертханалық зерттеулері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру жұмыскерлеріне, ауырғандарға бактериологиялық тексерістер жүргізіледі.

      74. Эпидемиологиялық тексерістің қорытынды кезеңі барлық материалдарды талдау мен жинақтау болып табылады. Фактілерді салыстыру және барлық мәліметтерді сыни бағалау негізінде инфекция көздері, жұғу жолдары мен жіті ішек инфекциясы пайда болуына әсер ететін жағдайлар туралы соңғы қорытынды жасалады. Бұл қорытындылар эпидемияға қарсы іс-шаралардың көлемі мен сипатын анықтау және олардың тиімділігін неғұрлым жеделдететін нақты жағдайларда қамтамасыз етіп, мақсатты жүргізу үшін қолданылады.

      75. Жіті ішек инфекцияларының эпидемиялық таралуы пайда болған жағдайда жоғарыда көрсетілген іс-шаралардан басқа, қосымша мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) күдік тудыратын азық-түліктердің, тағамдардың немесе олардың қалдықтарының сынамасын одар әрі санитариялық-эпидемиологиялық мекемеге сараптамаға жолдай отырып, пайдаланудан шығарады;

      2) тамақтың инфекциялануына және онда қоздырғыштардың көбеюіне әсер ететін себептерін айқындайды және жояды;

      3) сумен жабдықтау жүйесінің, оның ішінде тарату жүйелерінің ластану себептерін айқындайды және жояды;

      4) жуу, дезинфекциялық құралдарын пайдалана отырып, азық-түлік объектілерін мұқият тазалайды, ыдыс-аяқ пен құрал-жабдықтарды қайнатады;

      5) тамақтандыру жұмыскерлерінің және ас үй бойынша нарядтағы адамдардың жеке гигиенаны сақтауын бақылауды күшейтеді;

      6) су құбырлары құрылыстарын, су немесе су көздеріне арналған ыдыстарды дезинфекциялайды;

      7) сапасы кепілдендірілген ауыз сумен мекемелерде ұсталатын адамдарды дереу қамтамасыз етеді.

      76. Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралары өткізу кезінде инфекцияның эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.

      Іш сүзегі мен паратиф кезінде эпидемиологиялық талдауды жеңілдету үшін тифопаратифозтық аурулар пайда болған жағдайларда, инфекция көзі ретінде осы тасымалдаушы күдік тудырған жағдайда іш сүзегі мен паратиф бактериясының созылмалы тасымалдаушысында ол шығаратын бактериялар фаготипі белгіленеді және медициналық амбулаториялық картада көрсетіледі.

      77. Тасымалдаушы басқа мекемеге кеткен кезде ол туралы мәліметтер аумақтық СЭҚБ-ге, босатылған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелеріне хабарланады (науқастың кету мекенжайы бойынша, еркін нысанда).

      78. Ауа-тамшылық инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу үшін келесі санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі:

      1) жатақханаларды, камераларды, тамақ блоктарын, клубтарды және басқа үй-жайларды гигиеналық ұстау (температуралық режимді, желдету режимін, тазалау режимін сақтау);

      2) жіті респираторлық вирустық аурулармен және тұмаумен ауырғандарды белсенді түрде анықтау және уақтылы оқшаулау;

      3) профилактикалық егулер.

      Ауру өршіген кезде оқшаулау-шектеу іс-шаралары жүргізіледі.

      79. Тұмаумен күресудің ең тиімді шарасы вакцинопрофилактика болып табылады, ол жұқпалы аурудың эпидемиялық даму кезінде жүргізіледі.

      80. Мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысы педикулезге шалдыққан адамдарды анықтау мен санациялау мақсатында адамдарды мекемеге келген кезде карантин бөлімшесінде ұсталатын және профилактикалық тексеру уақытында (кемінде жылына екі рет) жоспарлы қарауды ұйымдастырады және жүргізеді.

      Педикулездің әрбір анықталған жағдайы туралы медициналық жұмыскер он екі сағат ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЭҚБ-ге хабарлайды.

      Мекеме жанындағы медициналық ұйымдар педикулезге қарсы өңдеуді өткізуге арналған арнайы жинақпен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      81. Кене энцефалит ауруының алдын алу үшін табиғи ошақта мекемелерде ұсталатын адамдар болған уақытта кене шабуылдарынан жеке қорғану жөніндегі шаралар қолданылады:

      1) кенелердің кіруіне кедергі жасайтын киіммен қамтамасыз ету;

      2) кіретін және соратын кенелерді табу үшін дүркін-дүркін (екі-төрт сағат сайын) өзіндік және өзара тексерістер жүргізу;

      3) киім-кешекті үркітетін жабдықтарды-репелленттер қолдану;

      4) мекемелерде ұсталатын адамдар жиі келетін жергілікті оқшауланған учаскелерді инсекцидтермен (сұйық ерітінділер, бүркуіштер) тазалау.

      82. Сіреспе ауруы пайда болуының алдын алу үшін жарақат жағдайларында жедел профилактика (хирургиялық өңдеу және иммунологиялық қорғауды жасау) жүргізіледі.

      83. Клиникалық тамақ токсикоинфекциясы байқалған және ботулинистік токсикоинфекциясына күдік тудырған адамдар азаматтық денсаулық сақтау секторының емдеу-профилактикалық мекемесіне жатқызылады.

      84. АИТВ-инфекциясына иммуноблотингтің оң нәтижесі бар адамдар мекемеде және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтарда динамикалық бақылауға жатады.

      АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарды одан әрі қадағалауды мекеме және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтар жүзеге асырады.

8-параграф. Оба және тырысқақ кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар

      85. Обамен және тырысқақпен сырқаттану немесе оған күдікті адам анықталған кезде мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысы СЭҚБ-ні, ҚАЖ комитетін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерін және обаға қарсы ұйымдарды "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-116 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25254 болып тіркелген) Хабарлаудың үлгілік схемасына сәйкес шұғыл хабардар етеді.

      Ақпаратта:

      1) орын;

      2) оны анықтау уақыты;

      3) клиникалық немесе бактериологиялық диагнозы;

      4) қатынаста болған адамдардың саны;

      5) қабылданған шаралар (науқастарды және қатынаста болған адамдарды оқшаулау орны, тырысқаққа зерттеу үшін олардан материал алу уақыты) көрсетіледі.

      Ескерту. 85-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      86. Оба және тырысқақ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін мекеме жанындағы медициналық ұйымдар қорғаныш костюмдері, сынама алуға арналған, жеке қорғаныш заттары, дезинфекциялау құралдары жиынтықтарымен және тұзды ерітінділермен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      87. Оба және тырысқақ кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар № ҚР ДСМ-116 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-параграф. Аса қауіпті инфекциялық аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар

      88. Аса қауіпті инфекциялық аурумен сырқаттану немесе оған күдікті адам анықталған кезде мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысы телефон арқылы және үш сағат ішінде СЭҚБ-ге, ҚАЖ комитетіне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелеріне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шұғыл хабарлама жолдайды.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      89. Іс-қимылдары аса қауіпті инфекцияға күдікті науқастарды қараумен немесе кез келген медициналық әрекетпен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты барлық адамдар алжапқыш, резеңке қолғаптың, жеңғаптың екінші жұптары, экран (бетті қорғау үшін) қосымша берілетін І-типті қорғаныш костюмін пайдаланады. Бетперделерді немесе қорғаныш дәрежесі жоғары (кемінде 2 класс) респираторларды қолдану ұсынылады.

      90. Мекемелерде аса қауіпті инфекциялық аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген).

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-параграф. Паразиттік аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар

      91. Мекемелерде гельминттерге тексеру декреттелген топ адамдары және стационарға түсетін адамдар арасында жүргізіледі.

      92. СЭҚБ паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:

      1) науқастар мен паразит таратушыларын анықтауды және есепке алуды бақылау;

      2) паразиттік аурулар қоздырғыштарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

      3) мекеме аумағына паразиттік аурулардың сырттан әкелінуінің алдын алу;

      4) халықтың декреттелген тобына гигиеналық оқытуды жүргізеді.

      93. Паразиттік аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығының талапарына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28086 болып тіркелген).

      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11-параграф. Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны жүргізу

      94. Дезинфекциялық іс-шаралар профилактикалық және ошақтық болса, олар өз кезегінде ағымдағы және қорытынды дезинфекция болып бөлінеді.

      95. Профилактикалық дезинфекциялау анықталған инфекция көзі болмаған кезде алдын алу мақсатында асханаларда, шаштараздарда, жатақханаларда, моншаларда, кір жуу орындарында, жуыну бөлмелерінде, дәретханаларда және мекеменің басқа да үй-жайларында жүргізіледі (дезинфекция, дезинсекция мен дератизациялауды қамтиды).

      96. Ағымдағы дезинфекция медициналық бөлім стационарларында, ауруханаларда, туберкулезбен ауыратындарды диспансерлік бақылауға арналған мекемелердің оқшауланған учаскелерінде, сондай-ақ науқастар уақытша немесе тұрақты ұсталатын кез келген басқа үй-жайларда жүргізіледі.

      97. Қорытынды дезинфекциялау инфекцияланған ошақты инфекция қоздырғыштарынан толық залалсыздандыру мақсатында инфекциялық аурумен ауыратын науқас жатқан үй-жайда бір рет жүргізіледі (оны ем қабылдауға жатқызғаннан, оқшауланғаннан, ауыстырғаннан, босатқаннан немесе өлгеннен кейін). Залалсыздандыруға үй-жай, төсек жабдықтары, жиһаздар мен науқастың жеке заттары жатады. Киім мен төсек жабдықтарын дезинфекциялау (дезинсекциялау) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Журналға тіркеледі.

      Қорытынды дезинфекциялау инфекциялық аурумен ауырған науқас оқшауланғаннан кейін алғашқы сағаттарда жүргізіледі.

      98. Дезинфекциялық құралдардың жұмыс ерітінділерін, улы қармақ жемдерді дайындау, оларды өлшеп-орау сорып-шығаратын желдеткішпен жабдықталған арнайы үй-жайда, арнайы киімді және жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптарды, респираторларды) пайдалана отырып жүргізіледі. Бұл үй-жайларда бөгде адамдардың болуына, жеке заттарды, тамақ өнімдерін сақтауға, ас ішуге және темекі тартуға жол берілмейді.

      99. Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық комиссиясының қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар қолданылады.

      100. Дезинфекциялау жұмысының сапасы бактериялық бақылау арқылы тексеріледі.

      101. Дезинфекциялық құралдар мен материалдарға деген қажеттіліктер тиісті мерзім аралығына жоспарланған санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қолдануда дезинфекциялау жұмыстарының сипаты мен көлемін анықтайды.

      102. Дезинфекциялық құралдарға тапсырыс жасау кезінде кейінгі жылдың нақты шығындарын есептеумен бірге эпидемиологиялық жағдайдың болжамдарын, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларды жаңа дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі ескеріледі.

      103. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу талаптары ""Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген).

      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2023 № 882 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде санитариялық- эпидемиологиялық қадағалауды
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Дайын тағамның сапасын органолептикалық бағалау журналы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20__ жылғы "__" ______ арналған мәзір

Тағамды дайындау күні, уақыты

Тағамның дайындалу деңгейін қоса алғандағы органолептикалық бағасы

Іске асыруға рұқсат (уақыт)

Жауапты адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Мекеме бастығының кезекші көмекшісі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Асхана меңгерушісі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8










  Қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мекеме асханасының жұмыскерлерін тексеру журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Күні

Жұмыскерлер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Мамандығы

Тері қабатының, тері асты қабатының және кілегей қабықшасының жай-күйі

Жауапты адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

1

2

3

4

5






  Қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалауды
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Киімдерді және төсек жабдықтарын дезинфекциялауды (дезинсекциялауды) тіркеу журналы

Күні

Науқас (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда жағдайда)

Диагнозы

Дезинфекциялау объектілерінің саны

матрастар

көрпелер

жастықтар

киімдер

аяқ киім

өзге заттар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Қосымшаның келесі беті

Дезинфекциялау (дезинсекциялау) режимі, температурасы, ауа қысымы

Дезинфекциялауда ұстау уақыты

Дезинфектордың қолы

Басталуы

Аяқталуы

11

12

13

14





      Ескертпе: Профилактикалық залалсыздандыру жүргізілген жағдайда, журналдың 4 "ауру диагнозы" бағанынан басқасының барлығы толтырылады. Егер, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша өңдеу жасалған жағдайда (инфекциялық және паразиттік ауруы бар науқас анықталған кезде) ауру диагнозы көрсетіле отырып, барлық бағандар толтырылады.

  Қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде санитариялық- эпидемиологиялық қадағалауды
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Инфекциялық ауруға (күдіктілерге), паразитарлық ауруға, астан улануға, профилактикалық егуге өзгеше реакция беру жағдайына хабарлама

      Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жолданады:

      Жалпы бөлім

      1. Жеке сәйкестендіру нөмірі

      2. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      3. Туылған күні.

      4. Жынысы



      ер



      әйел.

      5. Отбасылық жағдайы

      6. Мекеме

      7. Науқастың жұмыс орны

      8. Науқастың лауазымы

      9. Күні: ауруы бастапқы өтініш/анықтау диагноз қою емдеуге жатқызу.

      10. Диагнозы

      11. Қайда орын алғанын көрсету, жағдайды сипаттау

      12. Байланыста болған адамдар

      13. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туылған күні

      14. Жасақ

      15. Туысқандарының тұрғылықты мекенжайы (науқастың инкубациялық және ауру кезеңінде кездесуде болған жағдайда көрсетіледі)

      16. Туысқандарының байланыс телефоны (науқастың инкубациялық және ауру кезеңінде кездесуде болған жағдайда көрсетіледі)

      17. Алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар мен қосымша мәліметтерді жүргізу.

      18. Науқас қайда жіберілді (медициналық ұйым).

      19. Хабарламаны толтырған медициналық ұйым атауы

      20. Хабарламаны толтырған дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), идентификаторы.

      21. Толтыру күні және уақыты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады