"Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығына және "Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 қаңтарда № 31750 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 285 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26834 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына, 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына, 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу және тіркеу немесе оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығару тәртібін айқындайды."

      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақтың екінші бөлігі мынандай редакцияда жазылсын:

      "Порталда "Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26087 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышында көрсетілген ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарын (бұдан әрі – тауарлар) жүзеге асыратын өнім берушілер, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін, санаторий-курорттық емдеуді және арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) ұсынатын өнім берушілер авторизацияланады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Порталда Заңның 32-2-бабының талаптарына сәйкес келетін өнім берушілер тіркеледі.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың комиссиясы ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, ымдау тілі маманының және жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін, санаторий-курорттық емдеуді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын өнім берушілердің деректерін қарайды.";

      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;

      "4) Заңның 32-2-бабына сәйкес келмеуі себептерін көрсете отырып, "Бас тартылған" деген өтініштің мәртебесі көрсетіледі.".

      17-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйке жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26973 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 9-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушылардың, оның ішінде портал қатысушылары мен жеткізушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      5) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) порталға қатысушы – мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері (қорғаншылар, қамқоршылар), егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар немесе олардың заңды өкілдері (қорғаншылар, қамқоршылар);";

      7-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. "Сізге көмек" бөлімінде портал қатысушысы іске асырылатын ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ МӘЖ (бұдан әрі – тауар) сипаттамаларын және (немесе) ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің қызметтерін, санаторий-курорттық емдеуді, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) берушілердің деректерін қарайды.

      Мүгедектігі бар адам тауарды немесе көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген) Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізген кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына сәйкес тапсырыс ресімдейді және өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтінішке порталда қол қояды.";

      13-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) порталға қатысушы байланыс орталығына порталдың техникалық іркілісін анықтау сұрауымен жүгінеді. Байланыс орталығы сұрау салу келіп түскен кезден бастап үш сағат ішінде оны өтініштерді тіркеу және басқару жүйесінде тіркейді, онда Астана қаласының уақыты бойынша сұрау салудың күні мен уақыты, сондай-ақ растайтын құжаттарды (олар болған кезде) қоса бере отырып, порталға қатысушы байланыс деректерін көрсетеді;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Байланыс орталығы сұрау салу тәсіліне байланысты (дауыстық арна, мессенджерлер, порталдағы чат-бот) порталға қатысушылармен өзара іс-қимылды жұмыс күндері – Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін үзіліссіз қамтамасыз етеді.

      Егер порталға қатысушының техникалық іркіліс туралы сұрау салуы Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс істемейтін уақытта цифрлық байланыс арналары арқылы келіп түскен жағдайда, байланыс орталығы хабарламаны келесі жұмыс күні тіркейді.".

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
қосымша
Тауарларды және (немесе)
көрсетілетін қызметтерді
берушілерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталына жіберу, оларды
әлеуметтік көрсетілетін
қызметтер порталында
тіркеу немесе тіркеуден
шығару қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Хаттама 20___жылғы __ ___________№ ____

      Комиссия________________________________________________________________

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына кіруге және тіркеуге арналған өтінішті

      қарап, өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) атауы

      _________________________________________________________________________

      өнім берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру

      нөмірі____________________________________________________________________

      өнім берушінің қызмет түрі _________________________________________________

      мынадай шешім шығарды:

      тіркеуге рұқсат беру туралы;

      мынадай себеп бойынша бас тарту туралы:

      өнім беруші енгізген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін

      қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларының 7-тармағында

      көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі;

      ұсынылған құжаттарда қажетті деректемелердің болмауы;

      уәкілетті адамның қолымен куәландырылған және мөрмен (бар болса) бекітілген

      түзетулерді қоспағанда, ұсынылған құжаттарда анық емес және түсініксіз

      жазбалардың, анық өшірулердің, қосып жазулардың, сызылған сөздердің,

      шифрланбаған қысқартулардың, түзетулердің болуы;

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 32-2-бабына сәйкес келмеуі.

________________________
(комиссия мүшесінің шешімі)

Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды
________________________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

________________________
(комиссия мүшесінің шешімі)

Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды
________________________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 
_______________________
(комиссия төрағасының шешімі)

Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды
_________________________________________________
(комиссия төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды
_________________________________________________
(комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


О внесении изменений в приказы исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 февраля 2022 года № 60 "Об утверждении Правил допуска поставщиков товаров и (или) услуг на портал социальных услуг, их регистрации или снятия с регистрации на портале социальных услуг" и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 февраля 2022 года № 73" "Об утверждении Правил использования портала социальных услуг"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 января 2023 года № 21. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 января 2023 года № 31750.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2023

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2023 № 285 (вводится в действие с 01.07.2023).
      2. Утратил силу приказом и.о. Министра труда и социальной защиты населения РК от 17.08.2023 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Департаменту социальной помощи Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Сагиндыкову Н.Е.

      5. Настоящий приказ вводится в действие 1 января 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
Т. Дуйсенова

      СОГЛАСОВАН
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 20 января 2023 года № 21

      Сноска. Приложение утратило силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2023 № 285 (вводится в действие с 01.07.2023).