Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 ақпанда № 26834 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 285 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына, 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидалары бекітілсін.

      2. "Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 18 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19912 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2022 жылғы 16 ақпандағы
№ 60

Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына, 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу және тіркеу немесе оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамдардың белсенді және баяу жүріп-тұруына арналған техникалық көмек түрі;

      2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына Заңға және АӘК туралы Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді;

      3) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) порталда тауарларды және (немесе) қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке көмекшілер;

      5) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар (бұдан әрі – ОТҚ) – протездiк-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналық құралдар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Өнім берушілерді порталға жіберу және оларды тіркеу тәртібі

      3. Өнім берушілерді порталға жіберу және тіркеу заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша жүргізіледі.

      Порталда "Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26087 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышында көрсетілген ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарын (бұдан әрі – тауарлар) жүзеге асыратын өнім берушілер, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін, санаторий-курорттық емдеуді және арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) ұсынатын өнім берушілер авторизацияланады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Порталда Заңның 32-2-бабының талаптарына сәйкес келетін өнім берушілер тіркеледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Порталдың бастапқы бетінде тіркелу үшін өнім берушілер Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) "Өнім берушілер, мамандар мен алушылар қатарынан әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдаланушылар үшін оферта" жария шартына (бұдан әрі – жария шарт) қол қояды.

      6. Жария шартқа қол қойылғаннан және порталдың бастапқы бетінде тіркелгеннен кейін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Өнім берушінің кабинеті" модуліне ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай мәліметтер келіп түседі:

      1) заңды тұлғалар үшін:

      заңды мекенжайы;

      ұйымның толық және қысқартылған атауы;

      ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      тауарды өткізуге және (немесе) сақтауға арналған жылжымайтын мүлікке меншік құқығын және жалдау құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

      құрылтайшылар туралы мәліметтер (бар болса) (құрылтайшылардың саны, ТАӘ, ЖСН, азаматтығы);

      экономикалық қызмет түрін, меншік нысанын, білім беру тәсілін қоса алғанда, ұйым туралы қосымша мәліметтер (бар болса);

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін:

      заңды мекенжайы;

      жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

      3) жеке көмекшінің қызметін көрсететін жеке тұлғалар үшін:

      заңды мекенжайы;

      жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда диспансерлік есепке алудың жоқтығы туралы мәліметтер.

      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде өнім беруші мәліметтерді дербес енгізеді.

      7. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерге өнім беруші мынадай деректерді дербес енгізеді:

      1) өнім берушінің байланыс деректері (ұялы телефоны, электрондық поштасының мекенжайы, байланыс телефоны, сайты (бар болса);

      2) өнім берушінің банк деректемелері;

      3) тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер түрлерінің атауы;

      4) тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары;

      5) тауардың және (немесе) көрсетілетін қызметтің құны;

      6) қызмет көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мекенжайлары;

      7) қызметкерлердің штат саны және мамандар тізбесі (қызмет көрсету кезінде) (штаттық кесте) (бар болса);

      8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге және санаторий-курорттық емделуге арналған орындар саны (бар болса);

      9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым бөлімшесінің үлгісі, түрі және атауы (құрылтай құжаттары және меншік құқығына арналған құжат) (меншік бар болса);

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және санаторий-курорттық емдеу үшін материалдық ресурстардың болуы (медициналық жабдықты сатып алу фактісін растайтын құжат және жабдықты тексеру актісі) (бар болса);

      11) қызмет көрсететін мамандардың білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі (дипломдар, сертификаттар, еңбек шарттары);

      12) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (жеке тұлғалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткен кезде);

      13) өнім беруші объектілерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және санаторий-курорттық емдеу кезінде) (суреттер) (бар болса).

      Осы Қағидалардың 7-тармағында санамаланған мәліметтерді растау олар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде болған кезде талап етілмейді.

      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, растайтын құжаттар порталдағы "Өнім берушінің кабинеті" модулі арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      8. Деректерді енгізу кезінде портал автоматтандырылған режимде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жолдарды толтыруды тексереді.

      9. Өнім беруші енгізген деректер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порталда рұқсат алуға және тіркеуге өтініш қалыптастырылады.

      10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тексеруден өткеннен кейін деректер сақталады, өнім берушінің ЭЦҚ-сы қойылады және өнім берушінің тіркелген жері бойынша жергілікті атқарушы органдардың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы құрған комиссияның (бұдан әрі – комиссия) порталда қарауы үшін "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модуліне түседі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың комиссиясы ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, ымдау тілі маманының және жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін, санаторий-курорттық емдеуді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын өнім берушілердің деректерін қарайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссия мүшелерінің тақ санынан, кемінде жеті адамнан тұрады, олардың арасынан төраға және төрағаның орынбасары сайланады.

      Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      Комиссия отырыстарының шешімдері мен хаттамаларын дайындауды комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.

      Комиссия төрағасын, төрағасының орынбасарын, хатшысын комиссия мүшелері сайлайды.

      12. Комиссия мүшелері өнім берушінің өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модулінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      13. Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде өткізіледі.

      Комиссия отырыста ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелері "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модулінде шешімге ЭЦҚ-мен қол қояды.

      14. Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде комиссия хатшысының "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модулінде электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама қалыптастырылады.

      15. Комиссия хатшысы хаттамаға қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны порталда орналастырады.

      16. Комиссия шешімі шығарылғаннан кейін "Өнім берушінің кабинеті" модулінде: рұқсат беру және тіркеу кезінде "Мақұлданған" немесе мынадай бас тарту:

      1) өнім беруші енгізген осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі;

      2) ұсынылған құжаттарда қажетті деректемелердің болмауы;

      3) уәкілетті адамның қолымен куәландырылған және мөрмен (бар болса) бекітілген түзетулерді қоспағанда, ұсынылған құжаттарда анық емес және түсініксіз жазбалардың, анық өшірулердің, қосып жазулардың, сызылған сөздердің, шифрланбаған қысқартулардың, түзетулердің болуы;

      4) Заңның 32-2-бабына сәйкес келмеуі себептерін көрсете отырып, "Бас тартылған" деген өтініштің мәртебесі көрсетіледі.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Өнім берушілерді порталға электрондық түрде жіберу және тіркеу туралы комиссия шешімін шығарған кезде мыналар қалыптастырылады:

      әлеуметтік қызметтер порталында техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының өнім берушілерінің тіркелімі;

      әлеуметтік қызметтер порталындағы санаторий-курорттық емдеу өнім берушілерінің тіркелімі;

      әлеуметтік қызметтер порталындағы ымдау тілі мамандарының тізілімі;

      әлеуметтік қызметтер порталындағы жеке көмекшілердің тізілімі;

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бірыңғай тізілімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17469 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Өнім берушінің дербес деректерін және (немесе) мәліметтерін порталда жариялау ЭЦҚ-ға қол қою арқылы оның келісімімен жүзеге асырылады.

3-тарау. Порталда тіркеуден шығару тәртібі

      19. Өнім беруші мынадай:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталда тіркеуден шығару туралы өтініш берген;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметін тоқтатқан, заңды тұлға қызметін тоқтатқан;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;

      4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;

      5) өзі портал арқылы алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда порталда тіркеуден шығарылады.

      20. Осы Қағидалардың 19-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда өнім берушілер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен тиісті деректер келіп түскен кезде бір жұмыс күні ішінде автоматты түрде тіркеуден шығарылады.Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректер апта сайын жаңартылады.

      21. Осы Қағидалардың 19-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мүгедектігі бар адам өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей порталда тиісті ақпаратты орналастырады.

      Осы ақпаратты орналастырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Комиссия қарайды, ол өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайды және өнім берушінің тарапынан бұзушылықтар болған кезде өнім берушіні порталда тіркеуден шығару туралы шешім шығарады, хаттамаға қол қояды.

      Комиссия отырыстарының шешімдері мен хаттамаларын дайындауды Комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.

      Комиссия отырысы осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен өткізіледі.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Комиссия осы Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда өнім берушіні порталда тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      23. Комиссия хатшысы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өнім берушіні тіркеуден шығару себебін көрсете отырып, хаттаманы порталда орналастырады.

      Осы Қағидалардың 19-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес порталда тіркеуден шығару өнім берушіні портал арқылы тіркеуден шығару күніне алған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

4-тарау. Өнім берушіні порталда тіркеуден шығарған жағдайларда порталға жіберу

      24. Өнім берушіні порталда тіркеуден шығару кезінде:

      осы Қағидалардың 19-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіз бойынша тіркеуден шығарған жағдайда порталда кейін тіркеу ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен шығарылғаннан кейін мүмкін болады;

      осы Қағидалардың 19-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тіркеуден шығарған жағдайда оны кейін порталда тіркеу тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жылдан кейін мүмкін болады.

      25. Өнім берушіні порталда тіркеуден шығарған жағдайларда порталға жіберу және одан кейін тіркеу осы Қағидаларда бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Тауарларды және (немесе)
көрсетілетін қызметтерді
берушілерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталына жіберу, оларды
әлеуметтік көрсетілетін
қызметтер порталында тіркеу
немесе тіркеуден шығару
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында рұқсат алуға және тіркеуге өтініш Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуді сұраймын __________________________________________________________________
(өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________________________________________
(БСН немесе ЖСН)

      Қызмет түрі ___________________________________________________

      Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта __________________________________________________

      Байланыс телефоны __________________________________________________

      Факс ______________________________________________________________

      Осымен растаймын:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын тіркеу және пайдалану үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Дербес деректерді немесе мәліметтерді порталдағы тізілімде және (немесе) өнім берушілер тізілімінде жариялауға келісім беремін ☐ иә, ☐ жоқ.

      Күні 20__жылғы __ __ ЭЦҚ-мен куәландырылды ____________________

      (өнім берушінің, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Тауарларды және (немесе)
көрсетілетін қызметтерді
берушілерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталына жіберу, оларды
әлеуметтік көрсетілетін
қызметтер порталында
тіркеу немесе тіркеуден
шығару қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Хаттама 20___жылғы __ ___________№ ____

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.01.2023 № 21 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Комиссия________________________________________________________________

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына кіруге және тіркеуге арналған өтінішті

      қарап, өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) атауы

      _________________________________________________________________________

      өнім берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру

      нөмірі____________________________________________________________________

      өнім берушінің қызмет түрі _________________________________________________

      мынадай шешім шығарды:

      тіркеуге рұқсат беру туралы;

      мынадай себеп бойынша бас тарту туралы:

      өнім беруші енгізген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін

      қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларының 7-тармағында

      көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі;

      ұсынылған құжаттарда қажетті деректемелердің болмауы;

      уәкілетті адамның қолымен куәландырылған және мөрмен (бар болса) бекітілген

      түзетулерді қоспағанда, ұсынылған құжаттарда анық емес және түсініксіз

      жазбалардың, анық өшірулердің, қосып жазулардың, сызылған сөздердің,

      шифрланбаған қысқартулардың, түзетулердің болуы;

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 32-2-бабына сәйкес келмеуі.

________________________
(комиссия мүшесінің шешімі)

Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды
________________________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

________________________
(комиссия мүшесінің шешімі)

Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды
________________________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 
_______________________
(комиссия төрағасының шешімі)

Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды
_________________________________________________
(комиссия төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды
_________________________________________________
(комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Тауарларды және (немесе)
көрсетілетін қызметтерді
берушілерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталына жіберу, оларды
әлеуметтік көрсетілетін
қызметтер порталында тіркеу
немесе тіркеуден шығару
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруға өтініш Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруды сұраймын _________________________________________________________________
(өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________________________
(БСН, ЖСН, мемлекеттік тіркеу нөмірі)

      Қызмет түрі ___________________________________________________

      Заңды мекенжайы _______________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмір)

      Электрондық пошта _______________________________________________

      Байланыс телефоны ________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________

      Осымен растаймын:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын тіркеу және пайдалану үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Күні 20__жылғы __ ____ ЭЦҚ-мен куәландырылған_____ _____________

      (өнім берушінің, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады