Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32989 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма төртінші абзацы мен 166-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалған шарттың нысаны бекітілсін.

      3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дуйсенова

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 285 бұйрығына
1-қосымша

Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.03.2025 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырма төртінші абзацына сәйкес әзірленді және Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;

      2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) –Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      3) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі – "ЕРДО" АҚ) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық жағынан сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық жағынан қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      4) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;

      5) көрсетілетін қызметтер – жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну;

      6) порталда тауарды және (немесе) қызметті беруші (бұдан әрі – өнім беруші) – заңды тұлға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      7) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ОТҚ):

      протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;

      сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;

      тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;

      міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;

      8) санаторийлік-курорттық емдеу – адамдардың санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болу жағдайында жүргізілетін медициналық оңалту түрі;

      9) ымдау тілі маманы – мүгедектігі бар адамдар үшін қандай да бір тілден дактильді әліпбиге және (немесе) ымдау тілінде сурдоаударма жасау бойынша қызмет көрсететін маман.

2-тарау. Өнім берушілерді порталға тіркеу және оларды порталда тіркеуден шығару тәртібі

1-параграф. Өнім берушілерді порталда тіркеу тәртібі

      3. Порталда Кодекстің 167-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес:

      1) берілетін ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарына (бұдан әрі – тауарлар) сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;

      2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;

      3) берілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышынның талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынған;

      4) салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

      5) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;

      7) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесіне енгізілмеген;

      8) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;

      9) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айналысу үшін лицензия алу талап етілетін қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;

      10) ымдау тілі маманы қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар өнім берушілер тіркеледі.

      3-тармақтың бірінші бөлігінің талаптары жеке көмекші көрсететін қызметтерге қолданылмайды.

      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде өнім беруші растайтын құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, мәліметтерді дербес енгізеді.

      4. Порталда тіркелу үшін өнім берушілер Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартқа (бұдан әрі – шарт) қол қояды.

      5. Өнім берушілер порталда тіркелу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен қалыптастырылған деректер мен мәліметтерді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуге өтінішті (бұдан әрі – тіркеуге өтініш) ұсынады.

      6. Шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Өнім берушінің кабинеті" модуліне ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай мәліметтер келіп түседі:

      1) заңды тұлғалар үшін:

      заңды мекенжайы;

      ұйымның толық және қысқартылған атауы;

      ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

      жылжымайтын мүлікке меншік құқығын және жалдау құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін:

      заңды мекенжайы;

      жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

      дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу туралы мәліметтер;

      3) жеке көмекшінің қызметін ұсынатын жеке тұлғалар үшін:

      заңды мекенжайы;

      жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

      психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін арнайы ұйымдарда диспансерлік есепке алудың болмауы туралы мәліметтер;

      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы туралы мәліметтер;

      сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғалардың арнайы есебінде болмауы туралы мәліметтер;

      жеке көмекшімен туыс болуы туралы деректер;

      жасқа байланысты шектеулерді ескергенде, он сегіз жасқа толғаны туралы деректер;

      жеке көмекшінің қызметтерін көрсететін адамдардың кәсіби оқығаны туралы деректер.

      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде өнім беруші мәліметтерді дербес енгізеді.

      7. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерге өнім беруші мынадай деректерді дербес енгізеді:

      1) өнім берушінің байланыс деректері (ұялы телефоны нөмірі, байланыс телефон нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы, сайт мекенжайы (болған жағдайда);

      2) өнім берушінің банк деректемелері;

      3) Сыныптауышқа сәйкес келетін тауардың (тауарлардың) және (немесе) көрсетілетін қызметтердің (қызметтің) атауы, сауда атауы, артикулы (болған жағдайда), тауарды дайындаушы;

      4) жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе жалдау құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді қоса бере отырып, қызмет көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мекенжайы (мекенжайлары);

      5) тауарларды сатып алғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қоймадағы тауар (тауарлар) саны;

      6) санаторийлік-курорттық ұйымдарда барлық орындардың саны, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен оларды алып жүретін адамдарға ай сайын жалпы төсек-орын санының кемінде 10 пайызы көлемінде берілетін орындар саны;

      7) фотосуреттерін қоса бере отырып, өнім беруші объектісінің (лерінің) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі туралы (санаторийлік-курорттық емдеу кезінде), мүгедектігі бар адамдарға сүйемеледеу қызметтерін ұсыну (болған жағдайда) туралы мәліметтер;

      8) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жабдықтың болуы (санаторийлік-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, есту аппаратымен қамтамасыз ете отырып есту протездік көмек, сөйлеу процессорын кохлеарлық имплантқа ауыстыру және баптау жөніндегі қызметтер көрсету кезінде) туралы, оның ішінде сатып алу фактісі туралы мәліметтер;

      9) растайтын құжаттарды (дипломдар, сертификаттар, еңбек шарттары) қоса бере отырып, өнім берушінің және (немесе) қызмет көрсететін өнім берушінің мамандарының білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер;

      10) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/е нысан бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі (жеке көмекшінің қызметтерін жеке тұлғалар көрсеткен кезде).

      Растайтын құжаттар порталдағы "Өнім берушінің кабинеті" модулінде электрондық түрде тіркеледі.

      8. Деректерді енгізу кезінде портал автоматтандырылған режимде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жолдарды толтыруды тексереді.

      9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тексеруден өткеннен кейін деректер сақталады және порталдағы "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модуліне түседі.

      10. Портал мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) тіркеуге өтінішті, оның ішінде өнім беруші енгізген және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерді келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      11. Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде порталда "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модулінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 180 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32599 болып тіркелген) (бұдан әрі – Комиссия туралы үлгілік ереже) қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) қалыптастырылады.

      12. Комиссия шешімі шығарылғаннан кейін "Өнім берушінің кабинеті" модулінде тіркеуге өтініштің мәртебесі көрсетіледі: тіркеуге жіберілген кезде "Мақұлданды" немесе бас тарту себептерін көрсете отырып "Бас тартылды":

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген өнім берушінің енгізілген мәліметтерінің дәйексіздігі;

      2) ұсынылған құжаттарда қажетті деректемелердің болмауы;

      3) уәкілетті тұлғаның қолымен расталған және мөрімен (болған жағдайда) бекітілген түзетулерді қоспағанда, ұсынылған құжаттарда анық емес және оқылмайтын жазбалардың, анық өшірулердің, жазбалардың, сызылған сөздердің, шифрланбаған қысқартулардың, түзетулердің болуы;

      4) Кодекстің 167-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.

      13. Өнім берушілерді порталда тіркеу заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайды тіркеу орны бойынша жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша жүргізіледі.

      Заңды мекенжайы өзгерген кезде Комиссия өнім берушінің бұрын берілген өтінішін, оның ішінде өнім беруші енгізген және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген бас тарту себептері анықталған кезде ақпаратты 1 (бір) жұмыс күні ішінде өнім берушінің заңды мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) жібереді.

      14. Комиссия тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерді порталға тіркеу туралы шешім шығарған кезде электрондық түрде:

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталындағы ОТҚ мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын берушілердің тіркелімі;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталындағы санаторийлік-курорттық емдеу бойынша өнім берушілердің тіркелімі;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталындағы ымдау тілі мамандарының тізілімі;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталындағы жеке көмекшілердің тізілімі қалыптастырылады.

2-параграф. Порталда өнім берушілерді тіркеуден шығару тәртібі

      15. Өнім беруші:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталда тіркеуден шығару туралы өтініш берген;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметін тоқтатқан, заңды тұлға қызметін тоқтатқан;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;

      4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;

      5) Комиссия әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы шешім шығарған жағдайларда порталда тіркеуден шығарылады.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен тиісті деректер келіп түскен кезде өнім берушінің шарттық қатынастарын орындау мүмкіндігімен өнім берушінің өтініштерді, сондай-ақ осы өнім берушілерден мүгедектігі бар адамдардың тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарын беруі автоматты түрде бұғатталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер апта сайын жаңартылып отырады.

      17. Осы Қағидалардың 15-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда мүгедектігі бар адам өнім берушінің шарттық қатынастарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірмей порталда тиісті ақпаратты орналастырады.

      Аталған ақпаратты орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жері бойынша Комиссия қарайды, ол өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайды.

      Өнім беруші тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде ақпарат өнім берушінің тіркелген жері бойынша:

      10 (он) жұмыс күні ішінде өнім беруші тарапынан ұсынылған ақпаратты тексеретін және бұзушылықтарды жою туралы және (немесе) порталда өнім берушіні тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайтын Комиссияға;

      аумақтық бөлімшеге беріледі.

      18. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда өнім берушінің заңды мекенжайының орны бойынша Комиссия өнім берушіні порталда тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды және хаттамаға 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      19. Комиссия хатшысы өнім берушілерді порталдан шығару туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны порталға орналастырады және өнім берушіні порталда тіркеуден шығарады.

      Порталда тіркеуден шығару осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес өнім берушіні тіркеуден шығару күніне шарттық қатынастардан босатпайды.

3-параграф. Өнім берушіні порталда тіркеуден шығарған жағдайларда порталда тіркеу тәртібі

      20. Өнім берушіні порталда:

      осы Қағидалардың 15-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіз бойынша тіркеуден шығарған кезде порталда кейін тіркеу ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады;

      осы Қағидалардың 15-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тіркеуден шығарған кезде оны кейін порталда тіркеу тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылады.

      Порталда қайта тіркеу Комиссияның оң шешімінен кейін жүзеге асырылады.

      21. Өнім берушіні порталда тіркеуден шығарған жағдайларда порталда тіркеу осы Қағидаларда бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

2-тарау. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді порталға жіберу тәртібі

      22. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді порталға жіберу өнім беруші ұсынған тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Өнім беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тауарды (тауарларды) және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жіберуге арналған өтінішті (бұдан әрі – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жіберуге арналған өтініш) қалыптастырған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде осы Қағидалардың 3-тармағының 4)7) және 9) тармақшаларының мәліметтері тексеріледі.

      Комиссия тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді порталға жіберу үшін:

      1) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың сипаттамаларының Сыныптауыштың талаптарына сәйкестігін:

      1-1) берілетін тауарларға сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның болуын;

      1-2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігінің болуын;

      1-3) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттардың болуын қарайды.

      Порталда сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер Сыныптауышта көрсетілген сипаттамаларға сәйкес немесе олардан жоғары болуға тиіс;

      2) өнім беруші ұсынған деректер негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімділігін;

      3) көрсетілетін қызмет, тауар және оның бейнесі туралы мәліметтерде олардың сипаттамаларына жатпайтын ақпараттың болуын – осы Қағидаларда көзделмеген тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қосымша шарттарын белгілеуді, оның ішінде жарнамаларды, акцияларды, сондай-ақ қосымша тауарлар мен ақшалай сыйақыларды орналастыруды;

      4) осы өнім беруші тауарының осы моделіне қолданыстағы (жарияланған) өтінімнің болуын қарайды.

      23. Қарау нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жіберуге өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және Комиссия мүшелері ЭЦҚ шешіміне қол қояды.

      24. Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модулінде Комиссия хатшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комиссия туралы үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде хаттаманы қалыптастырады.

      25. Комиссия шешімі шығарылғаннан кейін "Өнім берушінің кабинеті" модулінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жіберуге арналған өтініштің мәртебесі: шешім шығарылған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде тауарды және (немесе) көрсету мерзімін шектемей көрсетілетін қызметті жіберу арқылы "Мақұлданды" немесе мынадай бас тарту себептерін көрсете отырып "Бас тартылды" мәртебесі көрсетіледі:

      1) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың сипаттамаларының Сыныптауыштың талаптарына сәйкес келмеуі:

      1-1) берілетін тауарға сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның болмауы;

      1-2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігінің болмауы;

      1-3) тауарларды өткізу және (немесе) көрсетілетін қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттардың болмауы;

      2) мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімсіздігі немесе мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімділігі туралы деректердің болмауы;

      3) көрсетілетін қызмет, тауар және оның бейнесі туралы мәліметтерде олардың сипаттамаларына жатпайтын ақпараттың көрсетілуі – осы Қағидаларда көзделмеген тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қосымша шарттарының белгіленуі, оның ішінде жарнамалардың, акциялардың, сондай-ақ қосымша тауарлар мен ақшалай сыйақылардың орналастырылуы;

      4) осы өнім беруші тауарының осы моделіне қолданыстағы (жарияланған) өтінімнің болуы;

      5) осы Қағидалардың 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге тиісті лицензияның болмауы.

      26. Комиссия жарты жылда кемінде бір рет Комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес порталда тіркелген өнім берушілердің, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің Сыныптауышқа сәйкестігіне мониторинг жүргізеді.

      27. "ЕРДО" АҚ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс істеу үшін лицензия алу талап етілетін қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуына қатысты өнім берушілерге қойылатын талаптар бөлігінде мониторинг жүргізуге қатысады.

      28. "ЕРДО" АҚ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін қоспағанда, Сыныптауышта және осы Қағидалардың 22-тармағының талаптарында баяндалған сипаттамаларға сәйкес келмейтін өнім берушілердің тауарларын және (немесе) көрсетілетін қызметтерін алып тастайды.

      __________________________

  Тауарларды және (немесе)
көрсетілетін қызметтерді
берушілерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталында тіркеу немесе
оларды тіркеуден шығару,
сондай-ақ тауарларды және
(немесе) көрсетілетін
қызметтерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталына жіберу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуге өтініш

      ____________________________________________________________________

      (өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Қызмет түрі __________________________________________________________

      Заңды мекенжайы ____________________________________________________

                        (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Байланыс телефоны ___________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберуді және тіркеуді сұраймын.

      Мыналарды растаймын: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының тіркеу және пайдалануы үшін ақпараттық жүйелердегі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Дербес деректерді немесе мәліметтерді порталдағы өнім берушілер тізілімінде және (немесе) тіркелімінде жариялауға келісім беремін ☐ иә, ☐ жоқ.

      Күні 20__ жылғы __ _______

      ЭЦҚ-мен куәландырылды _________________________________________

      (өнім берушінің, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Тауарларды және (немесе)
көрсетілетін қызметтерді
берушілерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталында тіркеу немесе
оларды тіркеуден шығару,
сондай-ақ тауарларды және
(немесе) көрсетілетін
қызметтерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталына жіберу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруға өтініш

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруды сұраймын

      ____________________________________________________________________

      (өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Қызмет түрі __________________________________________________________

      Заңды мекенжайы ____________________________________________________

                  (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Байланыс телефоны ___________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Мыналарды растаймын: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының тіркеу және пайдалануы үшін ақпараттық жүйелердегі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Күні 20__ жылғы __ _______

      ЭЦҚ-мен куәландырылды _________________________________________

      (өнім берушінің, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Тауарларды және (немесе)
көрсетілетін қызметтерді
берушілерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталында тіркеу немесе
оларды тіркеуден шығару,
сондай-ақ тауарларды және
(немесе) көрсетілетін
қызметтерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер
порталына жіберу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарды (ларды) және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жіберуге өтініш ____________________________________________________________________ (тауардың және (немесе) қызметтердің атауы)

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберуді сұраймын.

      Өнім беруші _________________________________________________________

      (толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________________

      Қызмет түрі __________________________________________________________

      Қоса берілген барлық құжаттар мен мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіндігін және дұрыс екенін растаймын.

      Күні 20__ жылғы __ _______

      ЭЦҚ-мен куәландырылды _________________________________________

      (өнім берушінің, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 285 бұйрығына
2-қосымша

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарт

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын осы шарт (бұдан әрі – Шарт) Кодекстің 166-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Шартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) акцепт – оферта жіберілген адамның оны қабылдағаны туралы жауабы;

      2) алушы – әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс беруге немесе сатып алуға ниет білдірген не тапсырыс беруші, сатып алушы және қолданыстағы заңнамаға сәйкес олармен қамтамасыз етуге құқығы бар жеке тұлға;

      3) бірлесіп төлеу – порталда сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің кепілді сомасы мен нақты құны арасындағы, алушы өз қаражаты есебінен дербес төлейтін айырма;

      4) кепілдік берілген сома – уәкілетті орган портал арқылы сатып алынатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынатын сома;

      5) көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – қызмет) – тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;

      6) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет көрсететін және (немесе) тауарларды ұсынатын және уәкілетті органның шешімі бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында Өнім берушілердің тіркеліміне немесе Мамандардың тізіліміне енгізілген жеке тұлғалар мен олардың филиалдары;

      7) тауарлар (бұдан әрі – тауар) – нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;

      8) уәкілетті мемлекеттік орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы.

      3. Осы жария оферта (бұдан әрі – Оферта) уәкілетті мемлекеттік органның осы Офертада айқындалған талаптарда осы Шартты жасасуға құқық қабілеттілігі (әрекет қабілеттілігі), қажетті құқықтары мен өкілеттіктері бар кез келген заңды және жеке тұлғаның атына ресми ұсынысы болып табылады және Шарттың барлық елеулі талаптарын қамтиды.

      4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Мүгедектігі бар адамның тауарлардың және (немесе) қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға, бірақ кепілдік берілген сомадан аспайтын сомаға өтетіп алуға құқығы бар.

      Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлардың және (немесе) қызметтердің нақты құны арасындағы айырмашылықты Кодекстің 168-бабына сәйкес меншікті қаражаты есебінен өзі дербес төлейді.

2-тарау. Шарттың мәні

      5. Өнім беруші тауарды және (немесе) қызметтерді өткізеді және ұсынады, ал Алушы Тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті қабылдайды.

      Тауардың және (немесе) қызметтің кепілді соманың бағасы асып кеткен жағдайда осы Шарттың талаптарында тауардың және (немесе) қызметтің құнын өз қаражатынан қоса төлеуді жүргізеді.

      6. Тапсырыс берілген тауарларға меншік құқығы тауарды алушыға нақты берген сәттен бастап алушыға ауысады. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі тауарды сатып алушыға нақты берген сәттен бастап алушыға өтеді.

      7. Тауарға және (немесе) қызметке бағаларды өнім беруші біржақты даусыз тәртіппен айқындайды және порталда көрсетіледі.

      8. Тауардың және (немесе) қызметтің бағасы теңгемен көрсетіледі және қосылған құн салығын қамтиды.

      9. Порталда кепілдендірілген соманы өтеу шарттарында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауар және (немесе) қызметтер туралы мәліметтер ғана жарияланады.

      10. Тауарға тапсырыс беру және қызмет көрсету, тауарларды сатып алу және пайдалану шарттары, сондай-ақ Тараптардың қосымша құқықтары мен міндеттері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нормативтік құқықтық құжаттармен және осы Шарттың ажырамас бөліктері болып табылатын және порталда "Қолдау" бөлімінде орналастырылатын әрбір қызмет және/немесе тауар үшін арнайы шарттармен айқындалады.

3-тарау. Шарт жасасу сәті

      11. Осы Шарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 447-бабына сәйкес жария оферта болып табылады.

      12. Мыналар осы Офертаның (Шарттың) акцепті деп танылады:

      өнім берушінің "Мен Жария шарттың талаптарын қабылдаймын" порталы бетінің жолағындағы "Қабылдау және жалғастыру" батырмасын басу арқылы осы жария Шарттың талаптарын қабылдауға келісімі;

      портал бетінің тиісті өрісіндегі "Бұдан әрі" батырмасын басу арқылы алушының осы жария Шарттың талаптарын қабылдауға келісімі.

      13. Алушының тауарға және (немесе) қызметке тапсырысты ресімдеуі порталдағы "Қолдау" бөлімінде орналастырылған нұсқаулықтарда көрсетілген әрекеттерді жасау жолымен жүргізіледі.

      14. Осы Офертаны алушы мен өнім берушінің акцептеуі негізінде жасалатын Шарт Сатып алушы мен Өнім беруші қандай да бір ерекшеліктерсіз және/немесе ескертпелерсіз қосылатын қосылу шарты болып табылады.

      15. Алушының тапсырысты ресімдеу фактісі алушының осы Шарттың талаптарын қабылдауының сөзсіз фактісі болып табылады. Порталда тауарды және (немесе) қызметті сатып алған алушы өнім берушімен және уәкілетті органмен осы Шарттың талаптарында қатынастарға түскен тұлға ретінде қаралады.

      16. Мыналар Өнім беруші Акцепт жасағанын білдіреді:

      Өнім беруші осы Шарттың барлық талаптарымен танысты, келіседі және қабылдады;

      Өнім беруші осы Шартты іске асыру мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім берді;

      Шарт электронды түрде жасалды және жарамды;

      осы Шартты жасасу жазбаша нысанда Шарт жасасуға теңестіріледі.

      17. Мыналар Алушы акцепті қабылдағанын білдіреді:

      Сатып алушы осы Шарттың барлық талаптарымен танысты, келіседі және қабылдады;

      Сатып алушы Шартты іске асыру мақсатында Ақпараттық жүйелер арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім берді;

      Шарт электронды түрде жасалды және жарамды;

      осы Шартты жасасу жазбаша нысанда Шарт жасасуға теңестіріледі.

4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      18. Өнім беруші:

      1) Осы Шарт жасалған сәттен бастап осы Шарттың және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес Алушы мен уәкілетті орган алдындағы барлық міндеттемелерді толық көлемде қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Алушының дербес деректерін өңдеуге және олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      3) бес жұмыс күні ішінде тауарды және (немесе) қызметті алу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы алушының тапсырысына жауап беруге;

      4) трек-нөмір берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тауарды жеткізуге беру;

      5) тауарды Алушыға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті;

      6) ұсынылатын тауар мен қызметтің порталда орналастырылған сипаттамаға, суреттерге және шарттарға сәйкестігіне кепілдік беруге;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мерзімдерде және Шарттарда қаржылық құжаттар мен есептілікті ұсынуға міндеттенеді.

      19. Өнім берушінің:

      1) уәкілетті органнан жеткізілген тауар, қызметтердің нақты көлемі үшін ақы;

      2) қызметтерді көрсету кезінде бұзу күніне Шартты бұзуға байланысты нақты шығындар үшін ғана төлем талап етуге;

      3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ол туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастағаннан кейін порталда қайта тіркеуге;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнен және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) және Ұлттық әл-ауқат қоры тікелей немесе жанама ие болатын дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы бар заңды тұлғалар тізбесінен ол туралы мәліметтерді алып тастағаннан кейін қайта тірелуге;

      5) портал арқылы өзіне алған міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін порталдан тіркеуден шығарылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қайта тіркеуге;

      6) тауар қоймада болмаған және/немесе оларға өнім берушілер тіркелімінен шығаруға өтініш берген кезде алушыға Тапсырысты қабылдаудан бас тартуға;

      7) алушының тапсырысын қарау кезінде мынадай:

      форс-мажорлық жағдайларға байланысты қызмет көрсете алмау (Төтенше жағдайлар, стихиялық құбылыстар, соғыс қимылдары және басқа да еңсерілмейтін күш жағдайлары);

      өнім берушілер тізілімінен (тіркелімінен) шығаруға өтініш беру;

      маманның (мамандардың) жүктемесі салдарынан қызмет көрсету мүмкін еместігі;

      Қызмет алушының тұрғылықты жерінде көрсетілмеу;

      бұған дейін Алушыға маманға (мамандарға) негізсіз қорлау және адамның қадір-қасиетін қорлайтын айыптаулар себебінен қызмет көрсетуден бас тартылған;

      бір төсек орынға бір мезгілде бірнеше тапсырыстың түсуі (тек санаторийлік-курорттық қызметтер берушілер үшін);

      Алушы қызмет көрсетілетін контингентке жатпауы (тек санаторийлік-курорттық қызметтер берушілер үшін);

      олардың негіздемесімен басқа себептер бойынша қызметтер көрсетуден бас тартуға.

      8) Алушыға оны ұсыну барысында қызмет көрсетуден мынадай:

      форс-мажорлық мән-жайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары) себебінен қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;

      куәгерлердің жазбаша айғақтарымен расталатын алушының немесе оның отбасы мүшелерінің адамдық қадір-қасиетін төмендететін негізсіз қорлау мен айыптаулар;

      оның негізінде қызмет көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күшін жою;

      Алушының қызметті алу орнына уақтылы келмеуі (тек санаторий-курорттық қызметтерді өнім берушілер үшін);

      алушының қызмет үшін қосымша ақы төлеуден бас тартуға құқығы бар.

      20. Алушы:

      1) осы Шарттың талаптарын қатаң сақтауға;

      2) тауарды және (немесе) қызметті таңдағаны үшін жеке жауаптылықта болуға;

      3) Шарт жасалған сәтке дейін Шарттың мазмұнымен және талаптарымен, Өнім беруші порталда ұсынатын тауарларға және (немесе) қызметтерге бағамен танысуға;

      4) оны Алушы ретінде бірегей сәйкестендіретін және өзі таңдаған (ішінара төлеген) тауарды және (немесе) қызметті жеткізу үшін жеткілікті барлық қажетті деректерді хабарлауға;

      5) порталда Өнім берушіні таңдау құқығын алған күннен бастап екі ай ішінде тауарға және (немесе) қызметке тапсырыс беруді жүзеге асыруға;

      6) порталда тапсырыс берілген тауарды кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбауға;

      7) тауардың және (немесе) қызметтің құны осы тауарға және (немесе) қызметке кепілдендірілген сомадан асып кеткен жағдайда жеткізілген тауар және (немесе) қызмет үшін:

      қолма-қол ақшасыз төлем әдісін (банк картасымен не электрондық төлемдер жүйесімен) таңдаған жағдайда тапсырысты алған күні өнім берушінің шотына қаражат аудару жолымен;

      тауар өзінің тұрғылықты жері бойынша жеткізілген жағдайларда салынған төлеммен;

      қолма-қол төлем тәсілі жолымен бірлесіп төлем жүргізуге;

      8) өзі алып кеткен жағдайда тауарды Өнім беруші тапсырысты қабылдаған күннен бастап он төрт күн ішінде өнім берушіден алып кетуге міндеттенеді.

      21. Алушының:

      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қамтамасыз етуге құқығы бар тауарды және (немесе) қызметті еркін таңдауға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде және тәртіппен таңдалған тауарға және (немесе) қызметке кепілдендірілген сомаға;

      3) бірлесіп төленген жағдайда тауарға және (немесе) қызметке қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен ақы төлеуге құқығы бар. Тауарды және (немесе) қызметті қолма-қол ақшамен бірлесіп төлеу курьерге немесе алып кету пунктінің қызметкеріне жеткізу сәтінде, өнім беруші қызметті алу орнына келген күні жүзеге асырылады;

      4) Өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу (орындамау және (немесе) тиісінше орындамау) фактісі туралы оған белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей порталда тиісті ақпаратты орналастыруға;

      5) Өнім беруші тауарға және (немесе) қызметке тапсырысты растаған сәтке дейін тапсырыстан бас тартуға және басқа өнім берушіні таңдауға;

      6) тауарды Өнім берушіден өз бетінше алуға (алып кетуге);

      7) өзі таңдаған тауарларға және (немесе) қызметтерге пікір (лер) жариялауға;

      8) осы Өнім берушіден:

      Өнім беруші қызмет көрсетуді уақтылы бастамаған;

      Өнім беруші қызмет көрсету мерзімдері мен уақытын жүйелі түрде бұзған;

      Өнім беруші тиісті сапасыз қызмет көрсеткен және Алушы белгілеген мерзімде кемшіліктерді жоймаған;

      Алушының қадір-қасиетін қорлайтын Өнім берушінің дөрекі мінез-құлқы;

      Өнім беруші қызметтер ұсынылмайтын басқа тұрғылықты жерге көшкен жағдайларда бас тартуға құқығы бар.

      22. Уәкілетті орган:

      1) қолданыстағы заңнамада көзделген шарттар мен талаптар сақталған кезде Өнім берушінің және ол мәлімдеген тауардың және (немесе) қызметтің порталда тіркелуін қамтамасыз етуге;

      2) тіркеуден бас тартылған жағдайда себептерін көрсете отырып, бас тартуды ұсынуға;

      3) Өнім берушіге таңдалған және жеткізілген, алушыға көрсетілген тауарлар және (немесе) қызметтер үшін кепілдік берілген соманы төлеуге міндетті.

      23. Уәкілетті органның:

      1) Өнім берушіге порталда оның және өзі мәлімдеген тауарларға және (немесе) қызметтерге рұқсат беруден және тіркеуден бас тартуға;

      2) Өнім беруші қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша тіркелімнен немесе тізілімнен шығаруға құқығы бар.

5-тарау. Тауарды жеткізу

      24. Тауарды Алушыға жеткізуді тауарды курьерлік жеткізуді жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – жеткізуді ұйымдастыру) Өнім беруші бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізеді.

      25. Егер Алушы тапсырысты келісілген мерзімде алмаса, өнім беруші тауарды алушыға жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

      26. Тапсырыс берілген тауарды тексеру, курьермен барлық өзара есеп айырысулар сияқты, 60 минуттан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Тапсырыс берілген тауарды алып кету пункттерінде тексеру уақыт бойынша шектеусіз.

      27. Жеткізу ақысын жеткізу ұйымы анықтайды және Өнім беруші төлейді.

      28. Жеткізуді ұйымдастыру өнім беруші тауарды алғаннан кейін жеткізу процесінде тауардың тұтастығы мен сақталуына толық жауап береді.

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және әлеуметтік
қорғау министрінің
2023 жылғы__ _______
№ __ бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының және бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды тіркеу немесе әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м. а. 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26834 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 298 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29077 болып тіркелген ).

      3. "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 және "Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және (немесе) халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31750 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады