"Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 30/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 31803 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11892 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 30/НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 506 бұйрығымен
бекітілген

Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Ғарыш қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртiбiн айқындайды.

      2. Әскери (қосарлы) мақсаттағы кәдеге жаратылған объектілер мен техникалық құралдарды кәдеге жарату, сондай-ақ іске асыру, беру, есепке алу, есептен шығару "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іске асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) кәдеге жарату – өз ресурсы сарқылған, табиғи тозған, кәдеге жарататын ғарыш объектілерінің және техникалық құралдардың бөлшектерін, тораптарын және материалдарын қайта пайдалану және қалдықтарды екінші материалдық немесе энергиялық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында шарттық мiндеттемелерге сәйкес жойылатын пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды бұзуды, бөлшектеудi, қайта өңдеудi, ғарыш аппараттарын деорбитациялауды қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралар мен технологиялық процестердiң кешенi болып табылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың өмiрлiк циклiнiң соңғы сатысы;

      2) техникалық құралдар – ғарыш жүйелерi мен ғарыш зымыран кешендерiнiң құрамына кiретiн және пайдаланудың барлық кезеңдерiнде олардың қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн техниканың кез келген (механикалық, электр, электрмагниттiк, электрондық) түрi;

      3) ғарыш аппараттарын деорбитациялау (бұдан әрі – деорбитациялау) – ғарыш аппараттарын олардың пайдалану мерзiмi өткеннен кейін жерлеу орбитасына шығару (Жердің геостационарлық орбитасындағы ғарыш аппараттары үшін) немесе атмосфераның тығыз қабаттарына қайтару (төмен және орта Жер орбиталарындағы ғарыш аппараттары үшін) арқылы Жер орбитасында кәдеге жаратуға арналған ұйымдық-техникалық iс-шаралар кешенi.

2-тарау. Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртiбi

      4. Мыналар:

      1) сақтаудың кепiлдi мерзiмi өткеннен кейiнгi ғарыш аппараттары, тиiстi макеттер мен оқу-жаттығу құралдары;

      2) тасымалдағыш зымырандардың, екпiн алу блоктарының және ғарыш аппараттарының (оның iшiнде дайындаушы зауытта орналасқан) жабдықтары;

      3) қайта жаңарту немесе күрделi жөндеу кезiнде босайтын техникалық құралдар;

      4) пайдаланудан шығарылған техникалық құралдардың құрамдас бөлiктерi;

      5) мақсаты бойынша пайдаланғаннан және Жерге қайта оралғаннан кейiн ғарыш аппараттарының түсу аппараттары мен капсулалары кәдеге жаратуға жатады.

      4-1. Жер орбитасында орналасқан ғарыш аппаратарын пайдаланудан шығару деорбитация жолымен жүргізіледі.

      Деорбитацияны ғарыш аппараттарының ағымдағы техникалық параметрлері негізінде ғарыш қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      5. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жаратуға ұсыну үшiн:

      1) нормативтiк-техникалық құжаттамада айқындалған пайдалану мерзiмiнiң өтуi;

      2) табиғи тозу (пайдалану мерзiмi өткенге дейiн);

      3) ескiрген жабдықты жоспарлы ауыстыру;

      4) қолайсыз климат факторларының, дүлей апаттардың, өрттiң әсерi салдарынан жөндеудiң және қалпына келтiрудiң экономикалық тұрғыдан орынсыздығы;

      5) тiкелей мақсаты бойынша пайдалану қажеттiлiгiнiң болмауы негiз болып табылады.

      6. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату үшiн ғарыш қызметiн жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар кәдеге жаратылуы тиiс ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың тiзбелерiн ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) жолдайды, онда:

      1) атауы, индексi;

      2) шығарылған жылы;

      3) зауыттық нөмiрi (бар болса);

      4) саны;

      5) жиынтықтаушы бұйымдардың болуы;

      6) орналасқан жері немесе қойма орны;

      7) техникалық құжаттаманың болуы көрсетiледi.

      7. Осы Қағидалардың 4.1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, ведомство кәдеге жаратылуы тиiс ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың тiзбелерiн алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарға қажеттiлiктi айқындау үшiн ведомствоның қарамағындағы ұйымдарға жолдайды.

      8. Ведомствоның қарамағындағы ұйымдар кәдеге жаратылуы тиiс ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың тiзбесiн алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде тиiстi ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарға қажеттiлiкке еркiн нысандағы жазбаша өтiнiмдi ведомствоға жолдайды немесе ондайдың жоқтығы туралы жазбаша хабарлайды.

      9. Ведомство ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарға қажеттiлiкке өтiнiмдердi алғаннан кейiн кәдеге жаратылуы тиiс ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды ведомствоның қарамағындағы ұйымдарға:

      1) жеке меншiктегi ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар үшiн – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде;

      2) мемлекеттiк меншiктегi ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар үшiн – "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен берудi ұйымдастырады.

      10. Осы Қағидалардың 4.1-тармағында көрсетілген немесе ведомство ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарға қажеттiлiк жоқ екендiгi туралы хабарлама алған жағдайда, осы ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар кәдеге жаратуға жатады, бұл туралы ведомство осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш объектілері мен техникалық құралдар алған сәттен бастап қырық жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.

      11. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың жекелеген жүйелерi мен элементтерiн өнеркәсiп бұйымдары және халық тұтынатын тауарлар ретiнде пайдалану;

      2) жаңғырту және жаңа үлгiлер жасау кезiнде кәдеге жаратылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың жиынтықтаушы бұйымдарын пайдалану;

      3) кәдеге жаратылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар үлгiлерiнiң жабдықтарын, агрегаттарын, тораптарын, бөлшектерiн және материалдарын запас бұйымдар мен аспаптар ретiнде пайдалану;

      4) кәдеге жаратылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар үлгiлерiнiң жабдықтарын, агрегаттарын, тораптарын, бөлшектерiн және материалдарын ғарыш саласының мамандарын даярлау жөнiндегi оқу мекемелерi мен оқу орталықтарының зертханалық жабдықтары ретiнде пайдалану;

      5) кәдеге жаратылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды өнеркәсiптiк қайта өңдеу және кәдеге жарату өнiмдерiн өндiрiсте, экономиканың басқа салаларында (қара, түстi және қымбат бағалы металл сынықтары, материалдар және заттар) пайдалану;

      6) деорбитация.

      12. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу процесi мынадай негiзгi кезеңдердi қамтиды:

      1) ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды қауiпсiз күйге келтiру;

      2) қорғау құжаттарының болуын тексеру (қажет болған жағдайда);

      3) құпиясыздандыру (қажет болған жағдайда);

      4) лицензиялау және (немесе) сертификаттау (қажет болған жағдайда);

      5) тiкелей кәдеге жарату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру.

      13. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар меншiгіндегі немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе оперативтік басқаруындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалар оларды кәдеге жарату алдында жарылыс қаупi бар тораптар мен бөлшектердi алу, улы заттар болған ыдыстарды бейтараптандыру арқылы қауiпсiз күйге келтiрудi қамтамасыз етедi. Бұл жұмыстар қауiптiлiгi жоғары жұмыстарға жатады және оларды "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқу оқыған және білімін тексеруден өткен (емтихан тапсырған) қызметкер орындауы тиіс.

      14. Құпиялық белгiсi бар ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды құпиясыздандыру "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес жүргiзiледi.

      15. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәсiлдерi нормативтiк-техникалық құжаттарда, халықаралық келiсiмдер мен шарттарда белгiленедi.

      16. Таңдап алынған технологияларға және экономикалық орындылығына байланысты ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату олар пайдаланылатын (сақталатын) жерде немесе ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн кәдеге жаратуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарда жүргiзiледi.

      17. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары ғарыш техникасының нақты үлгiсiнiң жобалау-конструкторлық ұйым әзiрлеген және бекiткен техникалық процестерiне сәйкес (бұдан әрі – техникалық процестер) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодексі), "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21934 болып тіркелген) талаптарын сақтай отырып жүргiзiледi.

      18. Кәдеге жаратуға жататын мүлiктi Экология кодексінің 320-бабының талаптарына сәйкес келетiн оны сақтау орындарынан тыс жерлерге (өнеркәсiптiк алаңдарға немесе өндiрiстiк цехтарға) шығару кәдеге жаратуды жүргiзетiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      19. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарда шаруашылық жүргiзу немесе шұғыл басқару құқығындағы немесе мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда меншiк құқығындағы ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары осы ұйымдардың меншiктi қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      Республикалық мемлекеттiк мекемелерде шұғыл басқару құқығындағы ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      Ғарыш қызметiн жүзеге асыратын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларда меншiк құқығындағы ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары олардың меншiктi қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      20. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар меншiгiнде болған ғарыш қызметiн жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату аяқталғаннан кейiн оларды кәдеге жарату фактiсiн растайтын құжаттарды ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiне тиiстi жазба енгiзу үшiн ведомствоға ұсынады.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 506 "Об утверждении Правил утилизации космических объектов и технических средств, выведенных из эксплуатации"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 27 января 2023 года № 30/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 января 2023 года № 31803

      В соответствии со статьей 50 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан "Об утверждении Правил утилизации космических объектов и технических средств, выведенных из эксплуатации" от 28 апреля 2015 года № 506 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11892) следующее изменение:

      Правила утилизации космических объектов и технических средств, выведенных из эксплуатации, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Аэрокосмическому комитету Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство обороны
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Министра цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 27 января 2023 года № 30/НҚ

  Утвержден
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 28 апреля 2015 года № 506

Правила
утилизации космических объектов и технических средств, выведенных из эксплуатации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила утилизации космических объектов и технических средств, выведенных из эксплуатации (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 24) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О космической деятельности" и определяют порядок утилизации космических объектов и технических средств, выведенных из эксплуатации.

      2. Утилизация, а также реализация, передача, учет, списание утилизированных объектов и технических средств военного (двойного) назначения осуществляются в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан".

      3. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) утилизация – заключительная стадия жизненного цикла космических объектов и технических средств, которые представляют собой комплекс организационно-технических мероприятий и технологических процессов, обеспечивающих деорбитацию космических аппаратов, демонтаж, разборку, переработку снятых с эксплуатации космических объектов и технических средств, выработавших свой ресурс, физически устаревших, ликвидируемых с целью повторного использования деталей, узлов и материалов утилизируемых космических объектов и технических средств и использования отходов в качестве вторичных материальных или энергетических ресурсов;

      2) технические средства – техника любого вида (механическая, электрическая, электромагнитная, электронная), входящая в состав космических систем и космических ракетных комплексов и обеспечивающая нормальное их функционирование на всех этапах эксплуатации;

      3) деорбитация космических аппаратов (далее – деорбитация) – комплекс организационно-технических мероприятий для утилизации космических аппаратов на орбите Земли путем увода космических аппаратов на орбиту захоронения (для космических аппаратов находящихся на геостационарной орбите Земли) или возвращения в плотные слои атмосферы (для космических аппаратов находящихся на низкой и средней околоземной орбитах Земли) после истечения срока их эксплуатации.

Глава 2. Порядок утилизации космических объектов и технических средств, выведенных из эксплуатации

      4. Утилизации подлежат:

      1) космические аппараты, соответствующие макеты и учебно-тренировочные средства после истечения гарантийных сроков их хранения;

      2) оборудование ракет-носителей, разгонных блоков и космических аппаратов (в том числе размещенных на заводах-изготовителях);

      3) технические средства, высвобождающиеся при реконструкциях или капитальных ремонтах;

      4) составные части технических средств, выведенные из эксплуатации;

      5) спускаемые аппараты и капсулы космических аппаратов после использования по назначению и возвращения на Землю.

      4-1. Утилизация космических аппаратов, находящихся на орбите Земли, проводится путем деорбитации.

      Деорбитация проводится физическими и (или) юридическими лицами, осуществляющими космическую деятельность на основе текущих технических параметров космических аппаратов.

      5. Основанием для представления космических объектов и технических средств на утилизацию являются:

      1) истечение сроков эксплуатации, определенных нормативно-технической документацией;

      2) физический износ (до истечения сроков эксплуатации);

      3) плановая замена устаревшего оборудования;

      4) экономическая нецелесообразность проведения ремонта и восстановления вследствие воздействия неблагоприятных климатических факторов, стихийных бедствий, пожаров;

      5) отсутствие необходимости использования по прямому назначению.

      6. Для утилизации космических объектов и технических средств физические и (или) юридические лица, осуществляющие космическую деятельность, направляют перечни космических объектов и технических средств, подлежащих утилизации, в ведомство уполномоченного органа в области космической деятельности (далее – ведомство), в котором указываются:

      1) наименование, индекс;

      2) год выпуска;

      3) заводской номер (при наличии);

      4) количество;

      5) наличие комплектующих изделий;

      6) местонахождение или место складирования;

      7) наличие технической документации.

      7. Ведомство в течение двадцати рабочих дней со дня получения перечней космических объектов и технических средств, подлежащих утилизации, направляет их организациям, находящимся в ведении ведомства, для определения потребности в космических объектах и технических средствах, за исключением случая, указанного в пункте 4.1 настоящих Правил.

      8. Организации, находящиеся в ведении ведомства, в течение двадцати рабочих дней со дня получения перечней космических объектов и технических средств, подлежащих утилизации, направляют письменную заявку произвольной формы в ведомство на потребность в соответствующих космических объектах и технических средствах или письменно сообщают об отсутствии таковой.

      9. Ведомство после получения заявок на потребность в космических объектах и технических средствах организует передачу космических объектов и технических средств, подлежащих утилизации, организациям, находящимся в ведении ведомства, в порядке, установленном:

      1) Гражданским кодексом Республики Казахстан – для космических объектов и технических средств, находящихся в частной собственности;

      2) Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе" – для космических объектов и технических средств, находящихся в государственной собственности.

      10. В случае, указанном в пункте 4.1 настоящих Правил, или получения ведомством сообщений об отсутствии потребности в космических объектах и технических средствах, данные космические объекты и технические средства подлежат утилизации, о чем ведомство в течение сорока рабочих дней со дня получения перечня космических объектов и технических средств письменно уведомляет физические и (или) юридические лица, указанные в пункте 6 настоящих Правил.

      11. Утилизация космических объектов и технических средств осуществляется по следующим направлениям:

      1) использование отдельных систем и элементов космических объектов и технических средств в качестве промышленных изделий и товаров народного потребления;

      2) использование комплектующих изделий утилизируемых космических объектов и технических средств при модернизации и изготовлении новых образцов;

      3) использование оборудования, агрегатов, узлов, деталей и материалов утилизируемых образцов космических объектов и технических средств в качестве запасных изделий и приборов;

      4) использование оборудования, агрегатов, узлов, деталей и материалов утилизируемых образцов космических объектов и технических средств в качестве лабораторного оборудования учебных заведений и учебных центров по подготовке специалистов космической отрасли;

      5) промышленная переработка утилизируемых космических объектов и технических средств и использование в производстве, других отраслях экономики продуктов утилизации (лом черных, цветных и драгоценных металлов, материалы и вещества);

      6) деорбитация.

      12. Процесс организации и проведения работ по утилизации космических объектов и технических средств включает следующие основные этапы:

      1) приведение космических объектов и технических средств в безопасное состояние;

      2) проверка на наличие охранных документов (в случае необходимости);

      3) рассекречивание (в случае необходимости);

      4) лицензирование и/или сертификация (в случае необходимости);

      5) осуществление деятельности непосредственно по утилизации.

      13. Физические и (или) юридические лица, у которых космические объекты и технические средства находятся в собственности или на праве хозяйственного ведения или оперативного управления, перед утилизацией обеспечивают их приведение в безопасное состояние путем извлечения взрывоопасных узлов и деталей, нейтрализации емкостей, содержавших токсичные вещества. Эти работы относятся к работам на опасных производственных объектах и должны выполняться работниками, прошедшими обучение по вопросам промышленной безопасности и прошедшими проверку знаний (сдавшими экзамен) в соответствии с Законом Республики Казахстан "О гражданской защите".

      14. Рассекречивание космических объектов и технических средств, имеющих гриф секретности, производится в соответствии со статьей 22 Закона Республики Казахстан "О государственных секретах".

      15. Способы утилизации космических объектов и технических средств устанавливаются нормативно-техническими документами, международными соглашениями и договорами.

      16. Утилизация космических объектов и технических средств в зависимости от выбранных технологий и экономической целесообразности проводится на месте их эксплуатации (хранения) или в специализированных организациях, осуществляющих утилизацию космических объектов и технических средств, а также их составных частей.

      17. Работы по утилизации космических объектов и технических средств проводятся в соответствии с техническими процессами, разработанными и утвержденными проектно-конструкторской организацией конкретного образца космической техники (далее – технические процессы), с соблюдением требований Экологического кодекса Республики Казахстан (далее – Экологический кодекс), Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании", Закона Республики Казахстан "Об обеспечении единства измерений" и приказа и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-331/2020 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21934).

      18. Вывоз имущества, подлежащего утилизации, за пределы мест его хранения (на промышленные площадки или производственные цеха), соответствующих требованиям статьи 320 Экологического кодекса, осуществляется за счет средств организаций, производящих утилизацию.

      19. Работы по утилизации космических объектов и технических средств, находящихся на праве хозяйственного ведения или оперативного управления у республиканских государственных предприятий или на праве собственности у юридических лиц с государственным участием, проводятся за счет собственных средств этих организаций.

      Работы по утилизации космических объектов и технических средств, находящихся на праве оперативного управления у республиканских государственных учреждений, проводятся за счет средств республиканского бюджета.

      Работы по утилизации космических объектов и технических средств, находящихся в собственности у физических и негосударственных юридических лиц, осуществляющих космическую деятельность, проводятся за счет их собственных средств.

      20. После завершения утилизации космических объектов и технических средств физические и (или) юридические лица, осуществляющие космическую деятельность, в чьей собственности находились космические объекты и технические средства, представляет ведомству документы, подтверждающие факт их утилизации, для внесения соответствующей записи в регистр космических объектов.