"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 235-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 19.06.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына қосымша |
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 235-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілікті беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 19.06.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры (бұдан әрі – Қор) – орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке жатқызу және жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – Қор шоты);
2) білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шоты (бұдан әрі – ЖАО шоты) – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ақша түсімдерін есепке жатқызуға және оларды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шоты);
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
3. Қор Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-3-бабында белгіленген салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылады.
4. Қор қаражатының түсімдері бойынша операциялар "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес ескеріледі.
2-тарау. Қор қаражатын бөлу тәртібі
5. Қор қаражатын бөлу құрылысы және (немесе) реконструкциялау (жапсарлас құрылыс) Қор қаражаты есебінен жүзеге асырылатын орта білім беру объектілерінің басым тізбесіне (бұдан әрі – Басым тізбе) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Уәкілетті орган Басым тізбенің жобасын қалыптастыруды осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі басқаратын жергілікті атқарушы органнан (бұдан әрі – ЖАО) келіп түскен өтінімдер бойынша (бұдан әрі – Өтінім) жасалған орта білім беру объектілерінің алдын ала тізбесі (бұдан әрі – Алдын ала тізбе) негізінде әрбір объект бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген) Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес берілген жаңа орта білім беру объектілерін салуға немесе қолданыстағы орта білім беру объектілерін реконструкциялауға (жапсарлас құрылыс) арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің (заңнамада көзделген жағдайларда) және жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын;
2) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар, орындалған жұмыстардың қабылданған және төленген актілері, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі өзара есеп айырысуларды салыстыру актілеріін (осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген орта білім беру объектілері бойынша);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларына (осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3, 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген орта білім беру объектілері бойынша) сәйкес құжаттарын;
4) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-4) тармақшасына сәйкес қабылдаған тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының (мәслихатының) шешімін іске асыру туралы ЖАО қаулысын;
5) Қор қаражаты есебінен құрылысын салуды және (немесе) реконструкциялауды (жапсарлас құрылыс) жүзеге асыруға жоспарланған ЖАО өтінімінде көрсетілген орта білім беру объектілерін мақұлдау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының (мәслихатының) тұрақты комиссияларының оң қорытындысын (осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3, 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген орта білім беру объектілері бойынша);
6) Қор қаражаты есебінен құрылысын салуды және (немесе) реконструкциялауды (жапсарлас құрылыс) жүзеге асыруға жоспарланған ЖАО өтінімінде көрсетілген орта білім беру объектілерін мақұлдау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қоғамдық кеңесінің оң қорытындысын (осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3, 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген орта білім беру объектілері бойынша);
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 702 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12425 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не өз құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық қорытындысы.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 19.06.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Уәкілетті орган ЖАО ұсынған Өтінімдерді қоса берілген құжаттармен бірге олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды.
Осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе ЖАО Өтінімі осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес келмеген кезде Уәкілетті орган ЖАО-ға оларды жою қажеттігі туралы жазбаша хабарлайды.
Уәкілетті орган ЖАО-ның Өтінімін Ұлттық білім беру дерек қорының мәліметтерін ескере отырып қарастырады және ЖАО-ның Өтінімінде көрсетілген орта білім беру объектілері Алдын ала тізбеге енгізіледі.
8. Алдын ала тізбеге енгізілген орта білім беру объектісінің сипаттамалары өзгерген не оны Алдын ала тізбеден алып тастау қажет болған кезде ЖАО уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 19.06.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Уәкілетті орган Алдын ала тізбенің негізінде Қор қаражаты шегінде Басым тізбе жобасын қалыптастырады.
Уәкілетті орган Басым тізбенің алғашқы жобасын қалыптастыруды 2023 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей жүзеге асырады.
10. Басым тізбе жобасын қалыптастыру Алдын ала тізбеге енгізілген орта білім беру объектілерін мынадай басымдықтар бойынша іріктеу жолымен жүзеге асырылады:
1) құрылысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған апаттық, үш ауысымдық оқыту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін және республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2023-2025 жылдары қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген, жобалық қуаты кемінде 100 оқушы орны бар орта білім беру объектілерінің құрылысын аяқтау;
2) республикалық меншікке жататын орта білім беру объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау (жапсарлас құрылыс);
3) перспективті елді мекендердің аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен апатты деп танылған орта білім беру объектілерінің орнына жобалық қуаты кемінде 100 оқушы орынға арналған орта білім беру объектілерін салу;
4) Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасында көрсетілмеген өзге де елді мекендердің аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен апатты деп танылған орта білім беру объектілерінің орнына жобалық қуаты кемінде 100 оқушы орынға арналған орта білім беру объектілерін салу;
5) перспективті елді мекендердің аумағында үш ауысымды оқыту мәселелерін шешу үшін жобалық қуаты кемінде 100 оқушы орынға арналған орта білім беру объектілерін салу және (немесе) қолданыстағы орта білім беру объектілерін реконструкциялау (жобалау қуаты кемінде 100 оқушы орынға арналған жапсарлас құрылысы);
6) Қағидалардың осы тармағының 5) тармақшасында көрсетілмеген өзге елді мекендердің аумағында үш ауысымды оқыту мәселелерін шешу үшін жобалық қуаты кемінде 100 оқушы орынға арналған орта білім беру объектілерін салу және (немесе) қолданыстағы орта білім беру объектілерін реконструкциялау (жобалау қуаты кемінде 100 оқушы орынға арналған жапсарлас құрылысы);
7) оқушы орындарының тапшылығы мәселелерін шешу үшін жобалық қуаты кемінде 100 оқушы орынға арналған орта білім беру объектілерін салу және (немесе) қолданыстағы орта білім беру объектілерін реконструкциялау (жобалық қуаты кемінде 100 оқушы орынға арналған жапсарлас құрылысы);
8) перспективті елді мекендердің аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозуы жоғары орта білім беру объектілерінің (апатты жағдайға дейінгі) орнына жобалық қуаты кемінде 100 оқушы орынға арналған орта білім беру объектілерін салу;
9) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға, дарынды балаларға арналған орта білім беру объектілерін (арнаулы, мамандандырылған, жалпы үлгідегі ғимараттар, гимназиялар, лицейлер, мектеп-интернаттар) салу;
10) білім алушылардың тұруы үшін орта білім беру объектісі жанынан интернат ғимараттарын салу;
11) орта білім беру объектілерінің қосалқы ғимараттары мен құрылыстарын салу (спорт және акт залдары, асхана, қазандықтар).
Басым тәртіптен тыс Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес Басым тізбенің жобасын қалыптастыру және/немесе өзектендіру кезінде орта білім беру объектілері енгізіледі.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген орта білім беру объектілері бойынша Басым тізбе жобасын қалыптастыру кезінде Уәкілетті орган 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленген сома мен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстардың құны арасындағы айырмашылықты қарастырады.
12. Осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген бір басым санаттағы орта білім беру объектілерін салуды және (немесе) реконструкциялауды (жапсарлас құрылыс) іске асыру үшін Қорда қаражат жеткіліксіз болған жағдайда Басым тізбенің жобасына енгізу үшін орта білім беру объектілерін таңдауды Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген нәтижелілік, негізділік және тиімділік принциптерін ескере отырып жүргізеді.
13. Басым тізбенің жобасын Уәкілетті органның ведомстволық бюджеттік комиссиясы (бұдан әрі – ВБК) қарастырады.
ВБК мақұлдаған Басым тізбенің жобасы (қаржыландыруға қажетті сомаларды көрсете отырып, өңірлер мен орта білім беру объектілері бөлінісінде) үш жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мына қосымшаларды:
1) Басым тізбе жобасын әр объект бойынша:
жобаларды іске асыру мерзімдерін;
жобалық-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындылары бойынша жобалардың құнын;
осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген орта білім беру объектілері бойынша республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұрын бөлінген және төленген қаржылар туралы мәліметтерді көрсете отырып;
2) Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды;
3) Уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша ЖАО Өтінімін беру күнінің алдындағы айдың 1-не жағдайы бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар (әр объект бойынша) мониторингінің қорытындылары бойынша, нысаналы даму трансферттерін, жергілікті бюджет қаражатын қоса алғанда есепті;
4) Уәкілетті органның аппараты басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған түсіндірме жазбаны;
5) ВБК хаттамасын;
6) орта білім беру объектілерін салудың және (немесе) реконструкциялаудың (жапсарлас құрылыс) негізділігін растайтын құжаттар мен мәліметтерді қоса отырып жолдайды.
14. Уәкілетті орган есептердің негізділігін, дұрыстығын, РБК қарауына шығару үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын қамтамасыз етеді.
15. РБК шешімі негізінде Қор есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілері туралы ақпаратты қамтитын Басым тізбе бекітіледі.
Бекітілген Басым тізбе бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ЖАО-ға жолданады және Уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.
16. Уәкілетті орган Басым тізбе жобасының кейінгі қалыптастырыуын Қордың шотында осы тарауда белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір миллион еселенген мөлшерінде қаражат болған жағдайда тоқсанына бір реттен артық емес жүзеге асырады.
3-тарау. Қор қаражатын жұмсау тәртібі
17. Қор қаражаты орта білім беру объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға (жапсарлас құрылыс):
1) жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу;
2) қажетті сараптамалардан өту;
3) жер учаскелерін бөлу;
4) орта білім беру объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу;
5) бұрын Қор есебінен қаржыландырылған орта білім беру объектілерін салудың және (немесе) реконструкциялаудың (жапсарлас құрылыс) сметалық құнын қымбаттауына байланысты шығыстарын қоспағанда жұмсалады.
Қағидалардың осы тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шығындар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
18. Бекітілген Басым тізбеге енгізілген орта білім беру объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға (жапсарлас құрылыс) Қор қаражаты толық көлемінде жіберіледі:
1) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадағы құны бойынша – осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11-тармақшаларында көрсетілген объектілер үшін;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген сома мен қабылданған жұмыс актілері бойынша бұрын төленген төлем қаражат арасындағы айырмашылық бойынша – осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер үшін.
19. Уәкілетті орган төлем шотты "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы қазынашылық органдарына РБК шешімін және бекітілген Басым тізбені қоса ұсына отырып Қор қаражатын ЖАО-ның тиісті шоттарына аударуды жүргізеді.
20. Орта білім беру объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға (жапсарлас құрылыс) Қор қаражатын жұмсау бойынша сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Құрылыс басқармасы) ЖАО-ның тиісті шотының қаражатын басқарушы болып табылады.
21. Құрылыс басқармасы ЖАО шотынан қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған Қор қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау (жапсарлас құрылыс) жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың негізінде жұмсайды.
22. Қор қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау (жапсарлас құрылыс) жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттар қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
Бұл ретте, Құрылыс басқармасы Қор қаражаты есебінен осы Қағидалардың 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген орта білім беру объектілерінің құрылысын және (немесе) реконструкциясын (жапсарлас құрылыс) қаржыландыру көздеріне өзгерістер енгізу және "қазынашылық органдарында тіркеусіз" мәртебесімен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асырады.
23. Бұрын бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған және азаматтық-құқықтық мәмілелері аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген объектілерді қоспағанда, құрылысы Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілері бойынша басқа көздер есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 19.06.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Қор қаражатын ЖАО шоттарынан пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 97-бабының 5-3-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 540 Қағидалар) 6-тарауының 7 параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Қор шотын және ЖАО шоттарын ашу және жабу тәртібі № 540 Қағидаларының 4-тарауының 3 және 8 параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
26. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 104-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қор қаражатының қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.
27. Уәкілетті орган бекіткен Басым тізбеге енгізілмеген орта білім беру объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға (жапсарлас құрылыс) ЖАО шотынан қаражат жұмсауға жол берілмейді.
28. Мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу немесе аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау қорытындылары бойынша ЖАО шотында қаражат үнемделген жағдайда ЖАО бір ай мерзімде үнемделген қаражатты Қор шотына қайтаруды жүргізеді.
29. Қор қаражатын пайдалануына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Қор қаражатын пайдалану бойынша мониторинг және есептілік тәртібі
30. Уәкілетті орган қазынашылық органдарының ақпараттық жүйесі арқылы Қор шотына қаражат түсімдерінің мониторингін ай сайын жүргізеді.
31. Уәкілетті орган ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) көзделген нысан бойынша Қор түсімдері мен шығыстары туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
32. ЖАО тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Уәкілетті органға әрбір жоба бөлінісінде қаражатты игеру (құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жобаны басқаруға, авторлық және техникалық қадағалауға арналған шығыстар бөлінісінде), орындалған жұмыстардың көлемі, объектінің дайындығы, объектіні пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі, құрылған уақытша жұмыс орындарының саны туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қор шотының қаражатын пайдалану туралы есепті ұсынады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 19.06.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. ЖАО тиісті орта білім беру объектісін салуға және (немесе) реконструкциялауға (жапсарлас құрылыс) жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың болмауы себебінен ЖАО шотына қаражат түскен сәттен бастап алты ай ішінде пайдаланбаған жағдайда, Уәкілетті орган ЖАО-ның пайдаланылмаған қаражатты Қор шотына қайтару қажеттілігі туралы талабын жолдайды.
ЖАО Уәкілетті органның тиісті талабын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаражатты Қордың шотына қайтаруды жүргізеді.
Бұл ретте ЖАО осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес Өтінімді Уәкілетті органға қайта жолдайды.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
Орта білім беру объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау (жапсарлас құрылыс) объектілерінің Алдын ала тізбесіне енгізуге
өтінім
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының (бұдан әрі – Қор) қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілік қағидаларына сәйкес _______________________________________________ әкімдігі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
____________________________________________________________________________
(инвестициялық жобаның атауын көрсету)
__________________________________________________________________ басымдығы
(басым тәртіптің атауын көрсету)
бойынша Алдын ала тізбеге енгізуді сұрайды.
Орта білім беру объектісінің негізгі сәйкестендіру сипаттамалары:
1) сметалық құны ________мың теңге;
2) техникалық-экономикалық негіздеменің/жобалау-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысы_______________ №__________;
3) жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша құны ________ мың теңге (1-басымдық бойынша жобалар үшін);
4) жобаның қуаттылығы ________ орын;
5) қабаттылығы ____;
6) ауданы (жалпы, кабинеттер) ________ шаршы метр;
7) орналасқан жері (мекенжайы) _______________________________;
8) жер учаскесінің кадастрлық нөмірі _________________________;
9) жер учаскесінің ауданы__________________________________.
Инвестициялық жоба бойынша Қордан қаржыландыруды талап етілетін сома ________________________________ (сандармен және жазумен) мың теңге.
Орта білім беру объектісін салу және (немесе) реконструкциялау Қор қаражаты есебінен қаржыландырудың қажеттілігіне, негізділігіне және орындылығына әсер ететін факторлар туындаған кезде, бұл туралы Білім беру саласындағы уәкілетті органды олар пайда болған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге міндеттенемін.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.
2.
3.
…
Қосымша: ______ парақта.
Әкім |
____________________________ | |
Мөр орны
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Уәкілетті органға ұсынылады.
Әкімшілік деректер нысаны www.edu.gov.kz интернет-ресурсындаа орналастырылған
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 19.06.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Есепті кезең: ______тоқсан _______жыл
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1 – (ИО)
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде
№ п/п | Инвести циялық жобаның атауы | Техникалық-экономикалық негіздеменің және жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының № және қорытынды күні | Құры лыс тың смета лық құны (мың теңге) | Өнім беру шімен жасал ған шарт тың №, күні, айы, жылы | Шарт бой ынша құны (мың теңге) | Өнім беруші | Өнім бе рушінің бизнес сәйкес тіндіру нөмірі | Қор қара жатын үнемдеу (мың теңге) | Оның ішінде: |
Төленген міндет | Шарт бойынша төленбе ген міндетте мелердің қалдығы (мың теңге) | % нысан ның дайындығы | ||
қор дың қа ра жа ты есебі нен | жергілікті бюд жет есебінен | мемле кеттік сатып алу нәтиже лері бойын ша үнемдеу (мың теңге) | басқалай үнемдеу (мың теңге) | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Әкім (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана)
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның
басшысы ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны
Қаржы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын
жергілікті атқарушы органның басшысы
____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны
Ескертпе: "Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.
"Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Индексі: 1 – (Білім беру инфрақұрылымы)
Жиілігі: тоқсан сайын
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсініктеме жергілікті атқарушы органдардың білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шотының қаражатын пайдалану туралы есебін жасауға және ұсынуға арналған.
2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық таңбасыз мың теңгемен толтырылады.
3. Есепке облыс әкімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы және қаржы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын басшы қол қояды. Есеп уәкілетті органға электрондық нұсқада ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
4. 1-бағанда инвестициялық жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;
5. 2-бағанда инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;
6. 3-бағанда техникалық-экономикалық негіздеменің және жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының № және қорытынды күні көрсетіледі;
7. 4-бағанда құрылыстың сметалық құны көрсетіледі;
8. 5-бағанда өнім берушілермен жасалған шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
9. 6-бағанда қор қаражаты есебінен шарт бойынша құны көрсетіледі;
10. 7-бағанда жергілікті бюджет есебінен шарт бойынша құны көрсетіледі;
11. 8-бағанда өнім берушінің атауы көрсетіледі;
12. 9-бағанда өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
13. 10-бағанда қаражаттың үнемделуі көрсетіледі;
14. 11-бағанда Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу көрсетіледі;
15. 12- бағанда өзге де үнемдеу көрсетіледі;
16. 13-бағанда төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;
17. 14-бағанда шарт бойынша төленбеген міндеттемелердің қалдығы көрсетіледі;
18. 15-бағанда орта білім беру объектісінің дайындық пайызы көрсетіледі.