БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шекті аукциондық бағалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | А. Хасенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Министрдің м.а. 2023 жылғы 15 ақпандағы № 70 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген |
Шекті аукциондық бағалар
Р/с № | Электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын жаңартылатын энергия көздерінің технологиясы | Тариф шамасы, теңге/килоВатт*сағат, (қосылған құн салығынсыз) |
1 | Жел энергиясын түрлендіруге арналған жел электр станциялары | 22,68 |
2 | Күн сәулесінің энергиясын түрлендіруге арналған күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер | 34,61 |
3 | Гидродинамикалық су энергиясын пайдаланатын гидроэлектр станциялары | 41,23 |
4 | Биогаз қондырғылары | 32,23 |