"Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2023 жылғы 15 ақпандағы № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31929 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген шекті аукциондық бағалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. А. Хасенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Министрдің м.а.
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 70 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 33 бұйрығымен
бекітілген

Шекті аукциондық бағалар

Р/с №

Электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын жаңартылатын энергия көздерінің технологиясы

Тариф шамасы, теңге/килоВатт*сағат, (қосылған құн салығынсыз)

1

Жел энергиясын түрлендіруге арналған жел электр станциялары

22,68

2

Күн сәулесінің энергиясын түрлендіруге арналған күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер

34,61

3

Гидродинамикалық су энергиясын пайдаланатын гидроэлектр станциялары

41,23

4

Биогаз қондырғылары

32,23


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады