Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 60/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 ақпанда № 31954 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республкасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 21 ақпандағы
№ 60/НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 105 "Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-17) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі мына формула бойынша айқындалады:

      rd = rf + БС,

      мұндағы:

      rd – қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі;

      rf – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып айқындалатын тәуекелсіз мөлшерлеме;

      БС (борыштық сыйақы) – Субъект шығарған және егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алған болса, айналымдағы сол мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты айналымдағы борыштық міндеттемелерге арналған сыйақы негізінде айқындалатын Субъект бойынша тәуекелге арналған борыштық сыйақы. Бұл ретте, ол телекоммуникациялар және почта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы қызмет түрімен айналысатын және Қазақстан Республикасының аумағында осындай кредиттік рейтингі бар субъектілердің тәуекелі үшін борыштық сыйақыларды ескере отырып айқындалады.".

      2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 180/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19118 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тыңдаулар кедергісіз уәкілетті орган айқындайтын үй-жайда, кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етіле отырып өткізіледі не тыңдаулар онлайн режимінде өткізіледі.";

      50, 51, 55, 57, 208, 259, 260, 279, 297-тармақтар алып тасталсын.

      3. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 181/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19117 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тарифтерді қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және мыналарды:

      1) табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу тетігін;

      2) уақытша өтемдік тарифті бекіту тәртібін;

      3) тарифті оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібін;

      4) инвестициялық бағдарламаны және оның өзгерістерін бекіту тәртібін;

      5) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алу тәртібін;

      6) табиғи монополия субъектісі пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау тәртібін;

      7) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібін;

      8) тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесін, тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу тәртібін;

      9) тарифтің, тарифтік сметаның, инвестициялық бағдарлама жобаларының, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептер нысандарын айқындайды.";

      17, 23, 25, 52, 65, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 81, 82, 83, 84, 86, 94, 110-тармақтар алып тасталсын.

О внесении изменений в некоторые приказы

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 21 февраля 2023 года № 60/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 февраля 2023 года № 31954

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения.

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 21 февраля 2023 года № 60/НҚ

Перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 105 "Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13296) следующие изменения:

      в Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи, утвержденной указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящая Инструкция по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий, в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи (далее – Инструкция) разработана в соответствии с подпунктом 19-17) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О связи".";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Ставка вознаграждения на заемные средства определяется по формуле:

      rd = rf + ДП,

      где:

      rd – ставка вознаграждения на заемные средства;

      rf – безрисковая ставка, определяемая исходя из базовой ставки Национального банка, установленной в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      ДП (долговая премия) – долговая премия за риск по Субъекту, определяемая на основе премии на долговые обязательства, выпущенные Субъектом и находящиеся в обращении, относительно государственных ценных бумаг того же срока обращения, если выпуск долговых обязательств имел место. При этом, она определяется с учетом долговых премий за риск Субъектов, занимающихся видом деятельности в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи и имеющих такой же кредитный рейтинг на территории Республики Казахстан.".

      2. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 180/НҚ "Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19118), следующие изменения:

      в Правилах осуществления деятельности субъектами естественных монополий, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила осуществления деятельности субъектами естественных монополий (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях" (далее – Закон) и определяют порядок осуществления деятельности субъектами естественных монополий.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Слушания проводятся в помещении, определяемом уполномоченным органом, с обеспечением беспрепятственного доступа, либо слушания проводятся в режиме онлайн.";

      пункты 50, 51, 55, 57, 208, 259, 260, 279, 297 исключить.

      3. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 181/НҚ "Об утверждении правил формирования тарифов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19117), следующие изменения:

      в Правилах формирования тарифов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Правила формирования тарифов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях" (далее – Закон) и определяют:

      1) механизм расчета тарифа с учетом методов тарифного регулирования сфер естественных монополий;

      2) порядок утверждения временного компенсирующего тарифа;

      3) порядок утверждения тарифа в упрощенном порядке;

      4) порядок утверждения инвестиционной программы и ее изменения;

      5) порядок ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов по каждому виду регулируемых услуг и в целом по деятельности, не относящейся к регулируемым услугам;

      6) порядок определения допустимого уровня прибыли субъекта естественной монополии;

      7) порядок изменения утвержденного ведомством уполномоченного органа тарифа до истечения его срока действия;

      8) перечень затрат, учитываемых и не учитываемых в тарифе, порядок ограничения размеров затрат, учитываемых в тарифе;

      9) формы проектов тарифа, тарифной сметы, инвестиционной программы, отчетов об исполнении утвержденной тарифной сметы, об исполнении утвержденной инвестиционной программы.";

      пункты 17, 23, 25, 52, 65, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 81, 82, 83, 84, 86, 94, 110 исключить.