БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы № 160 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10647 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі |
С. Жумангарин |
Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері
№ р/с | Өңір | 1 мың адамға шаршы метр | |
---|---|---|---|
1 | Абай облысы | 621 | |
2 | Ақмола облысы | 706 | |
3 | Ақтөбе облысы | 453 | |
4 | Алматы қаласы | 545 | |
5 | Алматы облысы | 220 | |
6 | Астана қаласы | 722 | |
7 | Атырау облысы | 745 | |
8 | Батыс Қазақстан облысы | 705 | |
9 | Жамбыл облысы | 445 | |
10 | Жетісу облысы | 201 | |
11 | Қарағанды облысы | 454 | |
12 | Қостанай облысы | 762 | |
13 | Қызылорда облысы | 542 | |
14 | Маңғыстау облысы | 723 | |
15 | Павлодар облысы | 674 | |
16 | Солтүстік Қазақстан облысы | 770 | |
17 | Түркістан облысы | 474 | |
18 | Ұлытау облысы | 750,3 | |
19 | Шығыс Қазақстан облысы | 521 | |
20 | Шымкент қаласы | 474 | |
21 | Қазақстан Республикасы | 621 |