"Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 100-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 наурызда № 32049 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы № 160 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10647 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 9 наурыздағы
№ 100-НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 160 бұйрығымен
бекітілген

Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері

№ р/с Өңір 1 мың адамға шаршы метр

1

Абай облысы

621

2

Ақмола облысы

706

3

Ақтөбе облысы

453

4

Алматы қаласы

545

5

Алматы облысы

220

6

Астана қаласы

722

7

Атырау облысы

745

8

Батыс Қазақстан облысы

705

9

Жамбыл облысы

445

10

Жетісу облысы

201

11

Қарағанды облысы

454

12

Қостанай облысы

762

13

Қызылорда облысы

542

14

Маңғыстау облысы

723

15

Павлодар облысы

674

16

Солтүстік Қазақстан облысы

770

17

Түркістан облысы

474

18

Ұлытау облысы

750,3

19

Шығыс Қазақстан облысы

521

20

Шымкент қаласы

474

21

Қазақстан Республикасы

621


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады